///

Кемертоған: Сиыр фермасынан шыққан өрт – қордаланып қалған әлеуметтік мәселелердің бетін ашты

3314 рет қаралды

Алматы облысы, Қарасай ауданының Кемертоған ауылы аумағы өртке оранды. Өртпен қоса ушыққан әлеуметтік мәселелерін алдыға тартқан ауыл тұрғындарының жан айқайына құлақ түрер құзырлы мекеме бар ма?!

Ауыл тұрғындары бесінші күнге жалғасқан бұл өртті сөндіруге өрт сөндірушілер келгенмен, әлі күнге бықсып тұрған шоқ аяқ асты тұтанып, өрт қайта лаулай ма деп қорқады.

Өрттің шыққанына  бір апта болды болды. Өрт сиыр фермасынан шықты. Бұл сиыр фермасының қоқысы. Сондықтан ,оған жауапкершілікті сиыр фермасы алуы керек, – дейді ауыл тұрғыны Жәнібек.

Біз өзі жаңадан көшіп келдік. Үш кішкентайым бар. Жолдасым жұмыста.Қызымды мектепке апару үшін, екі кішкентайды үйге жалғыз қалдыруға тура келеді. Орталықта орналасқан жалғыз мектепке қызымды алып барғанға айына 6000-7000 теңгедей ақша кетеді. Автобус бар, бірақ оған балалар сыймайды. Осы өртеніп жатқан жерді сүріп жіберіп,орнына емхана немесе мектеп салып берсе екен. Екеуі де алыс, – дейді Динара есімді жас а

Кемертоған ауылының тұрғыны Жанат Ордабаева:

– Бірінші, басында бұл жер сиыр фермасы болған.Сол жердің қыйларын осы жерге әкеліп төккен.10 күн болды,осы жердің өртеніп жатқанына.Өрт сөндірушілер қауіпсіздігімізді қорғаса екен. Екінші мәселе,осы сиыр фермасының тұрғанына көп жыл болды.Соның орнына,балаларға балабақша немесе мектеп салынса екен, – деп мұңын шақты.

Ауыл тұрғындарының ұсыныс-шағымдарын арқалап әкімдікке барғанда, сиыр фермасынан шыққан өртке, әкімнің орынбасары «ауыл тұрғындарының қоқысты өртегеннен шыққан табиғи апат» екенін тілге тиек етіп, әкімдік қолдан келген барлық шараны жасады деп тақырыпты жылы жапты.

Ал, Іргелі  ауылдық округінің әкімі Ысқақов Абылай Біржанұлы «Екі су тасымалдайтын көлік және бір трактор әкімдіктен берілді. Өрт сөндіру қызметінен тек бір ғана машина болды. Жергілікті әкімшілік өз тарапынан барлық көмек түрлерін көрсетті. Егер әкімдік көмектеспесе, өрт әлі бір апта болар еді. Себебі 1 жарым,1 метр тереңдіктегі прессованный қый көп уақытқа дейін бықсып жанады. Ал, ауыл тұрғындарының мектеп сұрауы жөніндегі ұсынысы Жер қатынастары бөлімі арқылы реттеліп жатыр» деді.

Назерке Сексенбайқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар