///

Ауғанстан тәліптер билігіне көшті

3399 рет қаралды
фото: rt.com

«Әл Джазира» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, енді тәліптер аймақта Ауғанстан Ислам Эмиратын жарияламақ. Ал, ел  президенті Ашраф Ғани өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейбіт халықтың қаны төгілмеуі үшін отставкаға кеткенін айтты. Қалдырған жазбасында «бұдан былай елдің тұтастығы мен ауған халқының амандығына тәліптер жауапты» екенін мәлімдеді.

Қазір Ашраф Ғани өзінің жұбайымен және кеңесшілерімен бірге Өзбекстанның Ташкент қаласында. Бұл туралы «Әл Джазира» ақпарат агенттігі хабарлайды. Ал, Кабулдағы АҚШ пен өзге ел елшіліктерінің қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті тұрғындар елден кету үшін әуежайға келген. АҚШ елшілігінің өкілдері болса халықаралық әуежайда атыс болып, өрт шыққанын хабарлайды. Естеріңізге салайық, 2001 жылы АҚШ күштері Ауғанстанға кірген сәттен, елді 1996 жылдан бастап билеп келген «Талибан» биліктен кеткен болатын. Енді Пентагон әскерін елден шығара салысымен тәліптер билікке қайта келді.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында мәлімдеме жасады:

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді,

Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, күштік құрылымдардың, атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері, Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қатысты.

Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды».

Күні кеше ғана әлеуметтік желіде желдей ескен жаңалық « ҚР Президенті Тоқаевтың Ауғаныстан босқындары туралы қабылдаған шешімі» болатын. Ал бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің инстаграм парақшасында жауап берді:

«Президент Ауғанстан  босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады».

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар