«Мән бер» жобасы – кейбір топтарға қоғамның қандай сұрақты көп қоятынын анықтайды. Жоба аясында 5 сұхбат жарық көрді. Сұхбат тақырыптары: “орамал тағатын қыздарға қойылатын ыңғайсыз сұрақтар”, “егіздерге қойылатын ыңғайсыз сұрақтар”, “35+ студенттерге қойылатын ыңғайсыз сұрақтар”, “қандастарға қойылатын ыңғайсыз сұрақтар” болды.
Кезекті қонағымыз – өз еркімен вакцина салдырғандар. Қоғам оларға қандай сұрақты көп қояды деп ойлайсыз? Олардың жауабы қандай? Бұл туралы вакцина салдырғандар ортада тұрған карточкалардағы сұрақтарды оқып, өзара талқылайды. Жобаның форматына өзгеріс еніп, толықтырулар болды. Сұхбат әр тұлғадан жеке емес, кейіпкердің бәріне бірдей жүргізіледі. Бесінші сұхбатта көтерілген тақырыптар мынадай:
Вакцинаға қатысты қандай ыңғайсыз жағдайға тап болдым?
Не себепті вакцина салдырдым?
Вакцина салдыру кейін денсаулығыма әсер ете ме?
Вакцинадан кейін Wifi жақсы істей ме?
Антиваксерлерге көзқарасы.
Вакцина салдырғаннан кейін де коронавируспен ауырып жатыр.
Сұхбатқа келген қонақтар өз еркімен екпе алғаннан кейінгі ыңғайсыз жағдайға тап болғаны туралы баяндады:
Жібек: “Біз әріптесімізбен бірге вакцина салдырдық. Біздің арамызда “5G ұстайды, Wi-Fi таратамыз” деген әңгіме әзілге айналып кетті. Біз адамдарға тым болмаса осы жағынан пайдалы болатынымызға қуандық”, – деп қалжыңдады.
Ердәулет: “Медицинаға сенбесең, ғылымға сенбесең басқа не нәрсеге сенуге болады? Саналы түрде ойлана алатын адам вакцинадан Wi-Fi таратылады деген секілді әңгімелерге сенбейді деп ойлаймын. Себебі бұл өте абсурд нәрсе”.
Самал: “Ой, бала көтере алмай қаласың” деген секілді қауесет таратады. Бір әңгіме естіп алады да, соны күшейтіп жібереді. Маған вакцинаның ондай кері әсері мүлде болмады.
Бұдан өзге сұрақтардың жауабын You Tube арнамыздан тыңдай аласыздар.
Парақшамызға жазылыңыз