/

Тоғызқұмалақ – зияткерлік ойын

1333 рет қаралды
2

9 kumalak 1Қарашаның 2-сі күні Алматы қаласында тұңғыш рет «Тоғыз құмалақтан» халықаралық сайыс басталды. «Тоғыз құмалақ» – бағзыдан бүгінге жалғасын тапқан қазақ халқының ұлттық һәм әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік, логикалық ойлау өнері. Қазіргі тілмен айтқанда спорт ойыны. Оның тарихы тым тереңде жатыр. Ғалымдар «тоғызқұмалақ» ойынының пайда болғанына 4000 жыл шамасы деп пайымдайды. Бұған дейін «тоғызқұмалақ» ойыны республикалық деңгейде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде Алтай мен Қарачай-Шеркессия елдерінде ойналып келген еді.

Қазақстанда «Тоғызқұмалақ» ойынынан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық жастар мен жасөспірімдер, сондай-ақ, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізеді.

Бұл сайысқа алыс-жақын шет елдердің тоғыз құмалақшыларының қатысуы оның халықаралық беделінің артып, дәрежесінің өскендігін әрі өміршеңдігін, болашағының зор, қанатын кеңге жайып дамып, танымал ойын бола бастағанын көрсетеді.

Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы «Тоғызқұмалақ» Федерациясы 2001 жылы құрылды. «Тоғыз құмалақ» федерациясының төрағасы Әлихан Байменов Қазақ радиосына берген қысқа хабарламасында турнирдің қазақ спорты үшін ақ түйенің қарыны жарылған күн екенін, ойынның тұңғыш рет өтіп жатқанын, мақсаты келесі сайыстың орнын анықтау екенін айтты. Әлемдік мәдениеттен ойып орын алуға тиіс зияткерлік ойынымыздың өсіп, өркендеп, дамуын үлес қосып жатқан сайыскер-тоғызқұмалақшыларымызға сәттілік тілейміз.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Мына мақалаға еш түсінбедім. “Қарашаның 2-сі күні Алматы қаласында тұңғыш рет «Тоғыз құмалақтан» халықаралық сайыс басталды.”
    Біріншіден, тоғызқұмалақтан халықаралық сайыс тұңғыш рет өтіп отырған жоқ. Егер Әлем Чемпионатын айтқысы келген болса солай көрсетуі тиіс еді және ол Алматы емес Астана қаласында өтті.
    Екіншіден, “Бұған дейін «тоғызқұмалақ» ойыны республикалық деңгейде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде Алтай мен Қарачай-Шеркессия елдерінде ойналып келген еді.” – деп толық ақпарат беріліп тұрған жоқ. Себебі бұған дейін тоғызқұмалақ Еуропаның бірнеше елінде (Англия, Франция, Швецария, Чехия, Туркия), Өзбекстан, Қытай мемлекеттерінде ойналып та, насихатталып та жүр.

  2. Нағыз
    ҚАЗАҚ ойыны Тоғызқұмалақ жасаумен айналысам.. Қазіргі заманның
    техникасын пайдалана отыра, қызылағаштан ойылған, ою – өрнектермен
    әшекейлен көз тартымды, ҰЛТТЫҚ сувенирлі тақта. Қызығамын дегендерге: +7 777 704 42 23, +7 771 460 22 38

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар