//

Жамбыл облысындағы жарылыс: Президент Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Ал, құрбан болғандардың саны 15-ке жетті

1275 рет қаралды

Қорғаныс министрі отсавкаға кетті. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook  парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады»

Еске салсақ: Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұған дейін, Жамбыл облысындағы жарылысты естіген бойда отставкаға өтініш беремін, деген шешімге келгенін айтқан болатын.

Ал Жамбыл облысында қоймадағы өрт салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету туралы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Боранбаев айтып берді.

«Мезгілсіз қаза тапқан жауынгерлердің отбасына көңіл айтамыз. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған азаматтардың отбасына және емделіп жатқан әскери қызметшілерге әлеуметтік, психологиялық көмек беріліп жатыр. Қайтыс болған қызметкерлердің баласын мектепке даярлау жұмысы жүргізілуде. Қазір ерікті қаржылай қолдау көрсету үшін қор құрылды. Қарулы күштің жеке құрамы бір күндік жалақысын аудару туралы шешім шығарды. Қорғаныс министрлігі балаларды өз қамқорлығына алды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына жерлеуге кеткен шығындар, ақшалай жәрдемақы көлемде 5 жыл бойы беріледі. Одан бөлек тұрғын үй үшін өтемақы төлеу қарастырылған. Оның көлемі отбасы мүшесінің санына байланысты әр отбасы үшін жеке анықталады», – деді Боранбаев.

Ал, жарылыстан қаза тапқандардың саны 15-ке жетіп, тағы үш құрбанның жеке бас мәліметтері анықталды.

Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды.

Олар:

– 1-ші ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,

– 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж.т.,

– 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т. Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның қызметкерлері.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар