////

«Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» атты облыстық жыр мүшәйрасы

1216 рет қаралды

Алматы облысы дін істері басқармасы тарапынан дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келетін «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» атты жыр мүшәйрасы биыл Ж. Жабаевтың 175 жылдығы, М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өту, сонымен қатар еліміздің айтулы мерекелерінің бірі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілді.

2016 жылдан бері  тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан байқау өткен жылы елдегі эпидахуалға байланысты өткізілген жоқ, дегенмен биыл жыл сайынғы дәстүр бойынша уақытымен ұйымдастырылды. Осы жылдар аралығында Дидар  Өмірәлі, Алмат Есенбеков, Жанель Инберген, Мұхтар Күмісбек, Мағрипа Сандуғаш, т.б. сынды жас ақындардың өлеңдері байқауда топ жарып, үздік нәтижелер көрсетті. Үздік деп танылып, топ жарған мақалалар өңірдегі басылым беттеріне жарық көріп, халық арасында ел тұтастығын, рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттауда зор үлес қосты деп айтуға болады.

Байқау жарияланғаннан бастап әлеуметтік желілер мен басылым беттеріне байқау жайлы хабарландыру беріліп, байқауға жалпы саны 20-ға жуық өтініш келіп түсті.  Мүшәйраның шарты бойынша 18 бен 39 жас аралығындағы өтінім беруші бұған дейін ешқандай баспа бетінде жарияланбаған және жинақтарға енбеген, әрі байқау тақырыбына сай 2 өлең жіберу керектігі ескертілген. Байқау әділ өтті деп айтуға толықтай негіз бар. Себебі, қазылар алқасына материал авторлары көрсетілмей жіберіліп, қорытынды шығарылды.

Жыр мүшәйрасына «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары әрі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жұматай Әміреев, ақын, жазушы, қалалық «Талдықорған» газетінің тілшісі Айдын Кәлімхан және облыс әкімі баспасөз қызметінің бас инспекторы, ақын Сағыныш Намазшамова төрелік етіп, жүлдегерлерді анықтады. Сарапшылар жыр мүшәйрасының ереже талаптарына сәйкес қатысушылардың жіберген шығармаларын талқылау барысында оның тақырыбының ашылуына, өзектілігіне, мазмұнына және ой тұшымдылығына, ұйқасына баса назар аударды.

Байқаудың қорытындысы бойынша сарапшылар өз ойларын білдіріп, ортақ шешім шығарды:

І орын – Данияр Сейсенбаев –Талдықорған қаласы. (80 000 теңге)

Байқауға ұсынған шығармалары:

«Бейбіт күн – діннің мұраты», «Қазаққа құдай жар болшы»;

ІІ орын – Шыңғыс Айдын – Талдықорған қаласы (60 000 теңге)

Байқауға ұсынылған шығармалары:

«Дін – діңгегі ғаламның», «Тарихқа тағзым»;

ІІІ орын – Әмина Адайхан– Көксу ауданы (40 000 теңге)

Байқауға ұсынылған шығармалары:

«Сәждеде», «Дұға»

Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері:

  1. Мәулен Әнербай – Талдықорған қаласы (30 000 теңге)

Байқауға ұсынылған шығармалары:

«Жамбыл жолы», «Тәуелсіздік»

  1. Айғаным Айтақын – Алматы облысы, Жамбыл ауданы (30 000 теңге)

Байқауға ұсынылған шығармалары:

«Дін  және Тәуелсіздік», «Алладан үзілмесін күдеріңіз»

  1. Еңлік Арықбай – Талдықорған қаласы. (30 000 теңге)

Байқауға ұсынылған шығармалары:

«… Қос алып», «Дін – діңгегім!»

                                         Лина Кәлімхан

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар