//

  Ashyq қосымшасы: Алматы облысында 1200-ден аса  адам қызыл статусымен қоғамдық орындарға барған

2122 рет қаралды

Пандемия – жаһандық дерт, әлемге ортақ мәселе. Сондықтан да мемлекеттік мекемелер мен қатар, бизнес өкілдері де санитарлық талаптарды сақтай отырып, күн көруі  тиіс. Пандемия салдарынан орта және шағын бизнес иелері зардап шегіп жатқаны  рас, дегенмен де қазір табыс көлемін емес, адам саулығын ойлайтын сәт екенін тағы да еске саламыз.

Бүгінде елімізде  Ashyq жүйесі кеңінен қолданылып отыр. Аталған жүйе мемлекеттік мекемелермен  қатар бизнес саласында да сұранысқа ие. Коронавирус індетімен күрес пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Ashyq  қосымшасын қолданушылардың бірі, жеке кәсіпкер Бұлбұл ханымға хабарласып көрген едік:

«Пандемия бізге едәуір әсер етті. Бірақ жақсы жағынан емес. Менің кәсібім шағын болғандықтан, Ashyq қосымшасымен жұмыс істеу ауыр болды. Тұтынушылар ол қосымша тұрмақ, маска тақпай келетін. Дәмханамызға рұқсатсыз кіріп кететін. Біз ауылды жерде тұрғандықтан үлкен кісілер тіпті телефонның не екенін білмейді. Бұрындары біз сағат түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуші едік, қазір кешкі  8-де жауып кетеміз. Бұл да бізге қатты әсер етті. Ақыры дәмхананы жауып, тек жеткізу қызметі арқылы жұмыс істеуге көштік» дейді Алматы облысы, Ақсу ауданының тұрғыны, кәсіпкер Бұлбұл Азаматқызы.

Ashyq  қосымшасымен жұмыс жайлы ресми ақпаратты білу үшін Мінбер сайтының тілшісі Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне хабарласты.

«Пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмысына жеңілдіктер беру мақсатында 2021 жылғы 14 сәуірінен бастап Алматы облысының аумағында “Ashyq” пилоттық жобасы іске қосылды.

Бүгінгі күні облыс бойынша жобаны пайдалана отырып 7894 нысан өз қызметін жүзеге асыруда. “Аshyq” жобасын енгізу басталғаннан бері мониторинг тобы 3962 нысанды бақылады.  Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 945 нысан анықталды.

QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша “қызыл” және “сары” мәртебесі бар 1631 келуші анықталды, оның ішінде “қызыл” мәртебе 1275 келушіде, “сары” мәртебе 567 келушіде анықталды. Еңбекшіқазақ, Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарында, Қапшағай және Талдықорған қалаларында 2 362 770 теңге сомасына 54 әкімшілік жаза қолданылды» -дейді Алматы облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз хатшысы Алия Шагиахмет.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар