///

2021-2022 оқу жылын оқушылар қалай оқиды?

9085 рет қаралды
1

Алматы қаласындағы №185  мектепте дәстүрлі форматтағы алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Карантин режиміне  байланысты салтанатты жиынға  тек бірінші сынып оқушылары мен ата-аналары  қатысты.  Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін бұл мектепке 262 балаға жуық бүлдіршін бірінші сыныпқа келген.

Назгүл БИДАЙБЕКҚЫЗЫ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

№185  жалпы білім беретін мектеп КММ бірінші сыныпқа 262 баланы қабылдап, оларды 10 сынып комплектісіне бөлдік. Барлығы бірінші ауысыммен оқиды. Әр сыныпта 25  баладан бар. Және биылғы оқу жылы қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары күніне 35 минуттан 3 сабақ оқиды. Ал қазан айынан бастап оқу ұзақтығы 45 минуттан болады. 2-3-4 сыныптар бірінші және екінші ауысыммен оқиды. Оларға да санитарлық талаптарға сәйкес, карантиндік режимді сақтай отырып сабақ кестесі құрылған болатын. Сол кестеге сәйкес екі аусыммен сабақ өтіледі.

Мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша сабақ беретін мұғалімдер саны 40. Олардың 85%  жоғары біліктілікті санатты ұстаздар, ал 15% арнаулы орта білімі бар мұғалімдер.

Ақыл САМАРХАНҰЛЫ, директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– №185  жалпы білім беретін мектебі  1 қыркүйекте бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» табыстау салтанатын өткізді. Мектебіміздегі 5-11 сынып аралығы 2021-2022 оқу жылына дайын. Барлық санитарлық талаптарға сай, Алматы қаласы Денсаулық сақтау департаментінің №368 бұйрық және нұсқаулығына сәйкес екі ауысымда жұмыс жасайды.  5-11 сынып оқушыларының бірінші ауысым сабағы таңғы сағат 8:00 де басталса, екінші ауысым сағат 14:00 де дәстүрлі оқу форматын жалғастырады. Біз комбинаторлы оқу жүйесін қабылдап отырмыз. Яғни 70% оқыту офлайн түрде және қосымша пәндер 30% онлайн түрде жүргізіледі. Бізде екі оқу ғимараты бар. Екі оқу ғимаратында да 4 кіру есігі, 4 шығу есігі санитарлық талаптарға сай, барлық кабинеттердегі оқу жабдықтары да санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталған. Күнделікті стандарттағы дезинфекциядан бастап оқушыларды шығарып салу аусымына дейін журналға тіркеледі. Және барлығы мектеп медбикесі мен мектеп әкімшілігінің бақылауында болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

1 Comment

  1. 2021-2022жылы Шу қаласынлағы мектептер қалай оқиды? Онлайн болама қай уақыттан бастап болады?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар