/////

Алматы облысы Жамбыл ауданында «Екі Жамбыл – екі әлем» спектаклінің премьерасы өтті

1275 рет қаралды

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған «Екі Жамбыл – екі әлем» атты пьеса жарық көрді. Спектакль Алматы облысы, Жамбыл ауданының мәдениет үйінде қойылды. Аудандық мәдениет үйінің ұжымы ғасыр ақынының 175 жылдығына осылай тарту жасады. Қойылымның өзіндік ерекшелігі бар. Шығармашылық ұжым Жамбылдың ақындық қырынан гөрі өміріне басымдық берген.  Бір сағаттық қойылымда Жамбылдың жастық және қарттық шағындағы өмірі суреттелген.

Рәтбек ТЕРЛІКБАЕВ,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, пьеса авторы:

Жамбыл Жабаевты басқа қырынан ашуға тырыстық, қазіргі заманның сипатына сай келетін дүниелерді қарастырдық. Естеліктерін, Жамбылдың өзінің шығармашылығын, айтыстарын, толғауларын әсіресе,  Сапарғали Бегалиннің «Жамбыл хикаяты»,  Жұмабай Шаштайұлының «Жамбыл» деген  кітабы, сол сияқты әдебиеттерді, үлкен классиктердің естеліктерін пайдаландық.

Самат АЙТАҚЫНҰЛЫ, актер:

Бұл пьеса 2021 жылдың қыс мезгілінен бастап жазылды. Пьеса  Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына және Талдықорған қаласында өтетін халық театрларының фестивальіне арнап жазылған болатын. Алайда көктемде карантин режиміне байланысты фестиваль өтпеді. Осы фестивальге барамыз деп Жамбыл Жабаев жайлы тың пьеса жазу қолға алынды. Жыр алыбы жайында бұрын соңды пьеса жазылмаған. Осы уақытқа дейін тек киноға арналған сценарийлер жазылып келді. Ал Жамбылға арналған, театрға жазылған  бұл пьеса алғашқысы.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар