//

Гипноз көмегімен «жұмыс істеген» алаяқтар

1671 рет қаралды

Алматы облысында гипноз көмегімен “жұмыс істеген” алаяқтар тобы ұсталды,- дейді облыстық полиция департаменті. Құлаққа түрпідей тиген сөз «гипноз» сөзі. Гипноз деген не? Жалпы гипноздың адамға әсері қандай? Осы сұрақтарға жауап алу үшін Мінбер сайтының тілшісі психологқа жүгініп көрді.

«Гипноз сергектік жағдайды жасанды түрде өзгертуден туындайды. Гипноз адамның өзіндік бостандығын шектеп, біреудің еркіне бағындырады. Бірақ күдікті ретінде қамауға алынған адам тергеу кезінде гипноздалуға келісім берсе де, гипнозды тергеу кезінде қолдануға жол берілмейді. Сондай ауыр дүние.  “Гипноз”  сөзі латын тілінен аударғанда “ұйқы” деген мағынаны білдіреді. Гипноздалған адам гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде белгілі бір мақсат үшін өзін-өзі иландырудан пайда болады. «Гипноз көмегімен адамдар темекі шегуге дағдыланады, ұйқысы қанып, тіпті тіс емделу кезінде ауырсынусыз өмір сүреді, – дейді Йена университетінің психологтары.   Гипнозды дәрі ретінде санауға болмайды, ол адамның психикалық мәртебесін ғана өзгертеді. Полиция департаменті берген ақпаратқа айтылған келіншектердің пихологиясын қарапайым адам да ұғып отыр.

-Иә гипноздан адам өзінің жеке қасиеттерін, ақыл-есін, естеліктерін жоғалтпайды немесе гипноздың арқасында ерекше күш иесіне айналмайды. Бұл жай гипноздалған адамның ақыл-ой ресурстарын пайдаланудың өте тиімді тәсілі. Түсінгеніңіздей адамды белгілі бір іс-қимылдардан, нәтижеге жету үшін шектейді. Бұрындары осындай іспен емші, балгер, балшылар айналысқан. Қазір көбейіп бара жатыр.»- дейді психолог Гүлнұр Декембаева.

«Ұсталған алаяқ әйелдер алтын бұйымдар мен үлкен ақшаны иемденген. Ағымдағы жылдың 17-18 қазан аралығында Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да Есік қаласының екі тұрғыны мен Көктөбе ауылының тұрғыны алаяқтық туралы өтініш білдірді. Өтініш берушілердің айтуынша, гипноз арқылы алдау жолымен төрт әйел доллар мен теңгенің ірі қаражатын, алтын бұйымдарын және қымбат ұялы телефонын иемденіп, олардың сеніміне кірген. Аталған фактілер СДТБТ-де ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі; 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы “адамдар тобы жасаған алаяқтық” бойынша тіркелді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде КПБ қызметкерлері 25 пен 42 жас аралығындағы Өзбекстанның төрт азаматын ұстады, олардан сақина, сырға және тізбектер түріндегі ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді. Әйелдер жәбірленушілердің ақшасы мен материалдық құндылықтарын оларға ерікті түрде ақысыз негізде бергенін түсіндіріп, ішінара кінәсін мойындады. ҚР-да тіркеусіз жүрген күдіктілер қабылдау-тарату орнына орналастырылды»- дейді полиция департаменті.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар