///

2006 жылдан бері АМТ шахтасында 90 адам қаза тапқан. Абай шахтасындағы қайғылы жағдайдан кейін шахташылар «АрселорМиттал Теміртауға» (АМТ) талап қойды

2021 рет қаралды
фото: ҚазТаг

Абай шахтасындағы қайғылы жағдайдан кейін шахташылар «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясының басшылығына талап қойды.
«Қарағандылық шахташылар «АрселорМиттал Теміртау» басшылығымен, кәсіподақ мамандарымен, меморган өкілдерімен бірқатар талаптарын алға тартты. Оның ішінде негізгілері – еңбекақыны көтеру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шахталарды заманауи құралдармен жабдықтау және т.б. бар. Талаптар Абай шахтасындағы қайғылы жағдайдан кейін сегіз шахтаның жұмысшыларының атынан қойылып отыр», – деп хабарлады жұма күні ҚазТАГ тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қарашада Қарағанды облысындағы Абай шахтасында алты адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. ТЖМ-де болған оқиғаны “метанның лақтырылуымен” түсіндірді, ал полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиға болған кезде барлығы 64 кенші болған, олардың көпшілігі жер бетіне шығарылды. Екі адам тап қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі қайтыс болғандардың есімдерін атады және жедел желі ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Үкіметтік комиссия құрылды. ҚазТАГ ХАА ақпараты бойынша, Абай шахтасының жұмыс істеген уақытында онда 50-ге жуық адам қаза тапқан.
7 қараша күні кешке ТЖМ басшысы Юрий Ильин хабарлағандай, қайғылы оқиғадан кейін барлық шахталар жұмысын тоқтатты
Қарағанды облысында жоспардан тыс тексеруге жіберілді. Сондай-ақ, министр ТЖМ көктемде Абай шахтасының жұмысын тоқтата тұру үшін дәлелді негіздемелер анықтағанын хабарлады. Сонымен қатар, Ильин қайғылы оқиғадан шамамен 10 күн бұрын АМТ жаңа басшылығы өз объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге уәде бергенін айтты.
10 қарашада мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов мәлімдегендей, Абай трагедиясы “жүз метр жер астында немесе қыздырылған металлургиялық пештерде жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік әділеттілік мәселесін тағы да шиеленістірді”.
11 қарашада сенатор Сергей Ершов хабарлағандай, 2006 жылдан бері АМТ шахтасында 90 адам қаза тапқан.
11 қарашада Абайдағы қайғылы жағдайдан кейін жан сақтау бөліміне түскен шахташылар Жеңіс Маралбаев пен Элайдын Зейналов ҚазТАГ тілшісіне метанның атылуынан кейін шахтада ес-түссіз бір сағат жатқандарын айтты.

дереккөз: ҚазТаг

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар