Алматы қаласында 28-жастағы ана үш баласымен бірге 9-қабаттың терезесінен секіріп кетті

1090 рет қаралды
Фото: ernur.kz

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция Департаменті хабарлады.

“Алматы қаласы,  “Жетісу” шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде  28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді,” делінген хабарламада.

“Бүгінгі жағдайды естіп күллі Қазақстан жағасын ұстады.
Адам ретінде біздің сырттан кінәлағанымыз дұрыс емес. Әр істің сұрауы бар, сол 3 баланың сұрауы ананың мойнында.
Психологияға сүйенсек, әйел адамның әлсіздігі екені айдан анық. Әйелдің жүрегі мұз болып қатып қалғандай, өзі тұрмақ, өзі дүниеге алып келген балаларды, бір емес, 3 бірдей баланы өз қолымен өлімге итеру деген-адамның психикасының өте әлсіздігі. Өмірден соншалықты түңілген ана басқа жол таппауы мүмкін емес. Демек бұрыннан ойлап жүрген ойын жүзеге асырды. Адам суицид жасар алдында  бірнеше рет соған ұмтылады, батылдық жинайды, ойында жүреді. Қандай проблема болмаса да , ашудан, өкпеден көзі байланып, осы жолды таңдағаны анық. Өкінішті,” дейді психолог Мырзай Бақытгүл.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар