Әлемдегі барлық мемлекет COVID-19 инфекциясының жаңа “Омикрон” штамынан келетін қауіпті айтып жатыр. Оның адам ағзасына әсері, таралу күші, оған қарсы вакцинаның тиімділігі жайлы әзірге ақпарат толық емес. Десек те оқшаулану арқылы сақтанатынымыз анық. Мінбер сайтының тілшісі Омикрон жайлы бірнеше сұраққа жауап іздеп көрді.
Соңғы күндері бойымызға үрей тудырған Омикрон штамы жайлы не білеміз? Ол қандай штамм?
Ресми сайттағы ақпаратты қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
“2021 жылдың 26 қарашасында ДДҰ Вирустардың эволюциясы
бойынша техникалық консультативтік тобының (TAG-VE)
ұсынысы бойынша ДДҰ Omicron деп B.1.1.529 нұсқасын белгіледі. Бұл TAG-VE ұсынған дәлелдерге негізделген. Мысалы: Omicron-да вирустың мінез-құлқына әсер етуі мүмкін бірнеше мутация бар екендігі , оның қаншалықты оңай таралатыны немесе ол тудыратын аурудың ауырлығы.”
Омикрон қалай таралады?
Оңтүстік Африканың барлық провинциясында “Дельта” штамына қарағанда “Омикронды” жұқтыру деректері артып келеді. ДДСҰ өкілі Мария Ван Керкховенің сөзінше, “Омикрон” штамы аурудан толық жазылмаған адамнан таралуы мүмкін.
Жаңа штамның симптомдары қандай?
Омикрон жайлы алғаш рет дабыл қаққан Оңтүстік Африкалық дәрігер Анжелика Кутзи вирустың симптомы “ерекше, бірақ жеңіл” деген болатын.
“Пациенттерімнің арасында қатты шаршаған әр жастағы және
этникалық жастар, сондай-ақ жүрек соғысы өте жоғары
алты жасар бала болды. Ешбірінде дәм мен иіс жоғалған жоқ. Олардың симптомдары мен бұрын емдегендерге қарағанда өте
әртүрлі және өте жұмсақ болды.” – деді доктор Кутзи,
33 жастағы жалпы тәжірибелік дәрігер,
Оңтүстік Африка медициналық қауымдастығының басшысы.
Бүкіләлемдік күресте Қазақстанның рөлі қандай?
Жаңа штамм Қазақстанда анықталған жоқ, десек те арқаны кеңге салуға болмайды. Әлемде “Омикрон” штамының пайда болуына байланысты, елімізде 3 желтоқсаннан бастап шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылды ; “Омикрон” штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін екпесі бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу; “Омикрон” штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануға тиіс.
Парақшамызға жазылыңыз