Зейнетақы жинағы: 2022 жылдан бастап жеткілікті деңгей қанша болады?

2046 рет қаралды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Елімізде зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі өседі. Ең төмен жеткіліктілік шегі неліктен өзгертілді? «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың пікірін назарларыңызға ұсынамыз:

“2021 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына қол қойылды, онда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ұлғайту көзделген. Ең төменгі жалақы қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейетін болады. Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері және басқа да әлеуметтік көрсеткіштер өсті.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес ең төмен мөлшері» деп белгіленген. Ең төмен жеткіліктілік шегі (ТЖШ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы №1042 қаулысымен бекітілген Әдістемеге (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістерімен және толықтыруларымен) сәйкес жыл сайын қайта есептеліп отырады және БАҚ-та жарияланады. Бекітілген Әдістемеге сәйкес, ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшелігі үшін анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Есептеуде ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты Үкіметтің қолданыстағы қаулысына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТЖШ шамалары қайта есептелді. ТЖШ асатын сомасы бар азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалана алады.” делінген ресми сайтта.

Иә, сонымен  жеткілікті мөлшер қанша болу керек? Ұлттық арнаның  ресми сайтында жарияланған кестені назарларыңызға ұсынамын.

Қарапайым тұрғындардың пікірін білу мақсатында шағын сауалнама жүргіздік.

“Мен былтыр  зейнетақыдағы  ақшамды үй алу мақсатында алып алған едім. Қазір достарыма да соны ұсынып жүрмін. Бүгінгі жаңалыққа таң қалдым” дейді Ташкент Өзібек.

“Менің жинағымда 5млн тұрмақ, 2 млн теңге де жоқ. Біздің айлықпен ондай ақшаны жинау мүмкін емес. ” дейді Бейбіткүл Төлегенқызы.

“Менің жолдасым жинақтағы ақшасын алды. Үй алдық. Үлгергеніміз қандай жақсы болған. 2022-ге қалсақ 1 млн теңге де бұйырмайды екен ғой” дейді Ләззат Жаршанова .

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар