//

Жаңа жылдарыңызбен, құрметті оқырмандар!

1267 рет қаралды

Құрметті “Мінберлік” оқырмандар. Осы бір жылда бізбен бірге болып, бізді қолдағандарыңыз үшін көп рахмет. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа шабыт әкелсін.

ЖАҢА ЖЫЛ
21 ғасыр, 21
санап қойған жыл бұрын.
Уақытттың өлшемін өзгерткенен не пайда?
Жаңа жыл деген жыл санау,
Жыл қайыру емес бұл.
Не береді қоғамға
Көбігі көп кеңес құр?
Жаратқаннан бұйырған аман жүріп суын іш.
Алып кетер ұшырып ажал да бір құйын күш.
Атқан таңды арайлап аман күткен бақытты,
Уақыт деген тоқтаусыз айналмалы құбылыс.
Талай сынып тегершік бүтінделген арбасы.
Әр күніміз жаңа күн өткен шақтың жалғасы.
Жыл айналып келетін жағытұрым, жаз бен күз,
Төрт тоқсаның қысың бар бірінің бірі андасы.
Оттық керек отынға жағу үшін шамға да.
Ой жатады астарлы руналық таңбада.
Жаратқанның киелі туындысы емес қой:
Ғасыр, апта, ай, күндер ойдан шыққан сан ғана.
Жылдың басы қазақта басталады көктемнен.
Батысқа барып батқан күн ертең шығар көк белден.
Жаңа бір жыл келіп тұр есігіңнің алдына,
Салғыласып не керек хатқа түскен өткенмен.
Аяз Ата – Жаңа жыл Ақ тымағы басында.
Ақша қары хатшысы еріп жүрген қасында.
«Жақсы лепес,- демей ме, жарым ырыс»,- қазағым,
Кәртейетін күн келер кәріге күлген жасың да.
Жаңа жылдың пайғамбар қатысы жоқ Исаға.
Жойылмайды ақиқат қанша тұзақ құрса да.
Жаңа жыл деген жыл санау,
Жыл қайыру емес бұл.
Шатастырып жүр оны дінмен, жынмен құр сана.
Аман алға жылжи бер, құтты болсын, Жаңа Жыл!
Бақытбек Бәмішұлы
29.12.2021 ж.
Ескерту: Суреттегі «Шырша» тек түрлі әшекейлерден жасалыпты (Англия. Ньюкасл қаласы).
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар