///

Жаңаөзен тағы көтерілді. Халық бұл жолы газ бағасының қымбаттауына наразы

2065 рет қаралды

“1 қаңтарда газ бағасы 120 теңгеге дейін қымбаттады. Жаңаөзен тұрғындарын газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендету туралы үндеуге қосылуға шақырамын”, – деп жазды Facebook-те митингке қатысушылардың бірі Серік Бақтыбайұлы.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Жаңаөзен әкімі Мақсат Ибрагимовқа үндеу жолдаған жергілікті тұрғындар әкімдікке бір ғана талап қойған. Ол – газ бағасын 60 теңгеге дейін төмендету.

Ал Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы газ бағасының күрт қымбаттауына қатысты пікір білдіріпті.

«Біздің өңіріміз жеңілдетілген газды көп тұтынушы өңірлердің бірі. Біздің айлық тұтыну көрсеткішіміз – 18 мың тонна газ. Газ бағасының қымбаттауының бір себебі – көптеген тауарлардың электронды биржаға шығуы. Өздеріңіз білетіндей, біздің «Қазақ газ өңдеу зауытының» құрылғылары ескірген. Ол да бағаның өсуіне бір себеп. Біз зауытқа инвестиция тартуымыз керек. Сол секілді, Жаңаөзенде зауыт құрылысын бастау да жоспарымызда бар.

Жаңаөзен тұрғындарына Ақтау қаласы да үн қосты

Екінші фактор – біз газдың қосымша қорын (запас) Атырау облысынан аламыз. Қазір газдың орташа бағасы 95-100 теңге», – депті басқарма басшысы Бердібек Қартбаев.
Айтуынша, республика бойынша газдың орташа бағасы 110 теңгені құрап отыр. Атырау облысында газ бағасы 115 теңге болса, Оралда 120 теңгеден сатылып жатыр.

Митингке шыққандардың бір бөлігі автокөлікке арналған жолды жапқан.
Маңғыстау облысы әкімдігі автокөлік иелеріне түсіндіру жұмыстарын бастап кетіпті.

«Сағат 11:00 шамасында Жаңаөзен қаласының АХАЖ ғимараты алдына автокөлік иелері жиналып, газ бағасын арзандатуды талап етті. Жиналғандармен қала әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Байжанов, әкімнің орынбасары Жаңабай Аймағамбетов  және құқық қорғау органдарының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға газ бағасы бойынша істің мән-жайын және «Бейбіт жиындар өткізу туралы» ҚР Заңын түсіндірді», – делінген хабарламада.

Қала әкімдігі наразылыққа жиналған жұртқа өз талаптарын жазбаша түрде баяндауды ұсынған.

Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы Бердібек Қартбаев: «60 теңге мөлшеріндегі бұрынғы баға енді болмайды. Өйткені қазір биржадағы газ бағасы – тасымалдау мен кәсіпкердің шығындарын есепке алмағанда, литріне 70-85 теңге. Әкімдік газ бағасын реттемейді. Өйткені бұл тауар бәсеклестік нарыққа жатады», – депті.

 

Соған қарамастан, Маңғыстау облысының тұрғындары Жаңаөзендіктерге үн қосып, оларды қолдайтындығын білдіріп, жер жерден үндеу жолдап жатты. Жаңаөзендегі қарсылық шаралары жаппай наразылыққа ұшырады.

Ботагөз Жөкен. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар