///

Жаңаөзен: Министрлер кабинеті комиссия құрды, газ бағасын 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды

1392 рет қаралды
Соңғы жеткен ақпарат бойынша Қазақстан Үкіметі Маңғыстаудағы шеруге байланысты комиссия жасақтаған, жанар-жағармай бекеттеріне қатысты тергеу-тексеру амалдары басталған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
“ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатын болады. Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды” делінген онда.

Жаңаөзенде газ бағасының қымбаттауына байланысты бір топ наразы жұрт 2-қаңтарда алаңға жиналған еді. Бұл топ  түнімен алаңда болғанын айтады. Бұл жайында “Азаттық” радиосы жазады. Ақпарат құралының жазуынша жаңаөзендіктерді Ақтау тұрғындары да қолдап келген, орталық көшені жауып, билікке талаптарын қойған. Ақтауда да, Жаңаөзенде де интернет бұғатталғандығы айтылады.
Дегенмен, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ешқандай жолдардың жабылмағанын мәлімдеген болатын.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар