///

Ақтау: Наразы топ әкімнің отставкаға кетуін талап етті және Қазақстандағы сайлау жүйесін сынға алды

1128 рет қаралды

Маңғыстау облысында көтерілген жұртшылық өңірдің әкімі Нұрлан Ноғаевтың отставкаға кетуін талап етті және Қазақстандағы сайлауға қатысты жағдайды сынға алды, деп хабарлайды ҚазТАГ  тілшісі.

«Басында газ 15Т тұрды және қазір баға көтерілуде, ал халық көтерілген кезде сіздер не себептен қысым көрсетесіздер? Біз сіздерге сөз айта алмаймыз. Осында жиналған халық бірде-бір рет әкімді сайлап көрген жоқ. Ренжімеңіз. Міне халық, мұның арты жақсылықпен тынбайды. Мұндай 2011 жылы да болған. Егер сіз бұл жерге келіп тұрып, бір мәселені болса да шеше алмасаңыз – босатыңыз орыныңызды. Алланың есімдерінің бірі – Халық дейді ғой. Егер біз депутаттарды сайлай алмасақ, мәжіліске қатыса алмасақ, әкімдерді өз қалағанындай тағайындайтын болса, халық не істеуі керек?» – деді Ноғаевқа сейсенбіге қараған түні митингте наразылық білдірушілердің атынан сөйлеген біреуі.

Еске сала кетсек, 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының тұрғындары жаппай көшеге шығып, сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етті. Наразы болғандардың талабына жергілікті билік «нарық шарттарын» алға тартып, бағаның өсуіне «дәлелді себептер» бар деп жауап берді, алайда бұл түсініктеме жергілікті халықты қанағаттандырмады. Маңғыстау облысының әкімдігі өз кезегінде көңілі толмаған авто иеленушілерімен «түсіндіру жұмыстары» жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді. Кейін газдың бағасына наразы автокөлік иеленушілері Маңғыстауға Нұр-Сұлтаннан жауапты тұлғалардың келуін талап етті. Туындаған шиеленістің аясында энергетика министрлігі газға бағаны белгілеудің ақылға қонымды екендігін  мәлімдеді. Биліктің талабына қарамастан, көгілдір отын бағасының күрт өсуіне наразы халық тарамай, көшеде қалды және қараңғы түскен соң көшелерді жапты. Азаматтардың пікірінше, бағаның өсуі басқа тауарлардың, ең алдымен азық – түліктің қымбаттауына әкеледі.

3 қаңтарға қараған түні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жағдайға үн қатып, үкіметке тапсырма бергенін хабарлады.

3 қаңтар күні аумақтағы жұмысшылардың бір бөлігі газдың бағасына қатысты жағдайға байланысты ереуілге шығамыз деп қорқытты. Белгілі болғандай, Маңғыстау облысында наразылық білдірушілердің саны өсуде, полиция автозагын байқағандар бар, осыдан бөлек, ірі елді мекендерде интернеттің бұғатталғаны  байқалады. Ақтауға Ұлттық ұлан жауынгерлерін көшіру туралы хабар бар, бірақ облыстық әкімдікте бұл туралы «ақпарат жоқ». Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының аумағы өте көп қарулы күштермен қоршалған. Көптеген әскери типтегі автобустар мен жүк автокөліктерін Ақтау әуежайына бағыттаған. Боранқұл ауылының тұрғындары наразылық білдірушілерді қуғындау басталған жағдайда жолды жауып тастауға дайын екендері туралы ескертті.

Осыдан бұрын ҚазТАГ агенттігі хабарлағандай, Ақтауға әскери типтегі екі ұшақ келіп қонған, оған қоса қарулы күштердің Жаңаөзенге көшірілгені туралы хабарланды. Сейсенбіге қараған түні наразылық білдірушілер облыстық орталыққа апаратын жолды әуежай жағынан жауып тастаған.

Сол күні Үкімет Маңғыстаудағы наразылықтар аясында комиссия құрды, сонымен қатар жанар-жағармай құю бекеттеріне қарсы тергеу басталды. Кейін наразылықтар аясында жоспарланған энергетика министрлігінің баспасөз конференциясының кейінге қалдырылғаны белгілі болды.

Маңғыстаудағы наразылық білдірушілерге қолдау білдіргендер еліміздің басқа қалаларында да акциялар ұйымдастырды. Осылайша, Алматы қаласында тіркелмеген Қазақстанның Демократиялық партиясының (ҚДП) көшбасшысы Жанболат Мамай мен оны қолдаушылар көшеге шығып, Республика алаңында акция өткізді. Алаң ауданы жарты күн қоршауда болғанын айта кету керек, ал алаңда және іргелес жатқан аудандарда интернет тұрақсыз болған. Осыдан бөлек, Алматыда және бірқатар өзге қалаларда ұсталғандар туралы белгілі болды. Ұсталғандардың қатарында Атырау қаласындағы белгілі қоғам қайраткері Макс Боқаев бар екені анықталды.

Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Аббат Урисбаев, наразылық туралы пікірін білдіру кезінде, ҚазТАГ агенттігіне газ бағасының қымбаттауы өңір тұрғындары үшін ауыр мәселе екені туралы айтып өтті. Сонымен қатар, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев газ бағасын Т50-ге дейін төмендету еш мүмкін емес екені туралы айтты. Маңғыстаудағы наразылық білдірушілер әкім Нұрлан Ноғаевпен кездесуде газды электрондық сауда алаңы (ЭСА) арқылы сатуға қарсылықтарын білдірді, жиналғандардың пікірінше «егер көгілдір отынды сатудың осы тәсілі қатардағы азаматтардың мүдделеріне жауап бермесе, тек екі-үш адамның  ғана қалтасын толтыратын болса, ондай заңның қажеті жоқ».

3 қаңтар күні кеште Маңғыстау облысындағы наразылық білдірушілер жолдарды жауып, министрлер кабинетінің кетуін талап етті. Сонымен қатар, Қаламқас және Қаражанбас кен орындарындағы мұнайшылардың жұмысқа шығудан жаппай бас тартқаны туралы белгілі болды.

4 қаңтарға қараған түні полиция Ақтаудағы наразылық білдірушілерге қатысты күш көрсету шараларына кірісті, алайда мемлекеттік БАҚ-қа пікір білдірген кезде құқық қорғаушылар өз әрекеттерін күш көрсету деп есептемейтіндігін айтады.

ҚазТАГ материалдары бойынша дайындаған Альфия Шамай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар