///

Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі – Теңіз мұнай кен орнында өндіріс тоқтады

1980 рет қаралды

Әлемдегі алып мұнай кен орындарының бірі – Теңіз мұнай кен орнында өндіріс тоқтады. Жаңаөзендік тұрғындардың үндеуін қолдаған жұмысшылар шеруге шықты. Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең терең кеніш саналатын Теңіз кенішінде алғашқы мұнай 1991 жылы өндірілген болатын. Теңіздің барланған қоры 3 миллиард тоннаны құрайды, әлемдік жіктелім бойынша бұл көрсеткіш Теңізді ең үлкен кеніштерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. 1993 жылы Қазақстан мен американдық Шеврон компаниясының арасында Теңізді бірлесіп игеру туралы келісімшарт жасалып, Теңізшевройл ЖШС құрылған болатын. Жылына 800 мың тонна мұнай өндіруден бастаған компанияның өндірісі 25 млн тоннадан асты. Теңізшевройл бүгінде Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын.

Теңіз кеніші жұмысшыларының өндірісті тоқтатқаны туралы ақпаратты ҚазТаг та растап отыр.

 

Ботагөз Жөкен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар