03 қаңтар күні сағат 19.44-те ҚР Энергетика министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байдильдинов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы тікелей эфирде мұнай-газ саласының сарапшысы ретінде Жаңаөзендегі, атап айтқанда газ бағасына қатысты жағдайға өзінің сарапшылық пікірімен бөліскені, БАҚ өкілдерімен мәселені талқылағаны туралы хабарлады:
Осы кезге дейін Олжас Байдильдиновтың сөзінен қысқаша үзінді бейнеролик әлеуметтік желілерде тарап үлгерген еді, сонымен энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі не деді?
«Бағаны анықтайтын нарық, ол еңбекақы немесе табысқа тәуелді емес, егер адамдарға бұл баға ұнамаса, олар әркез қоғамдық көлікті пайдалана алады. Бұл мәселе ме?»
Жаңаөзендегі газдың бағасы, тек жергілікті наразылық білдірушілердің мәселесі емес, газдың бағасы жалпы халықтың мәселесі. Бірақ, оны түсіну үшін сол халықтың жағдайында өмір сүру керек, штаттан тыс кеңесші үшін бұл мүмкін емес, өйткені ол мүлдем басқа реалияда, жарқын жақта өмір сүруде.
t.me/chinovnik_kz телеграм каналында 4 қаңтар күні жарияланған мәліметке сүйенсек:
Олжас Байдильдинов, 1984 жылы туған,
Иелігіндегі мүлік және автокөлігі туралы мәлімет:
Қосшы ауылында екі қабатты үй, 2020 жылы салынған, 288 ш.м. ~ 85 млн тг.
«Хайвилл-Астана» тұрғын үй кешенінде бизнесс-класс деңгейіндегі 3-бөлмелі пәтер, 100 ш.м. ~ 60 млн тг.
«Алтын арна» тұрғын үй кешенінде бизнесс-класс деңгейіндегі 2-бөлмелі пәтер, 75 ш.м. ~ 40 млн тг.
«Французский квартал» тұрғын үй кешенінде бизнесс-класс деңгейіндегі 1-бөлмелі пәтер, 37 ш.м. ~ 27 млн тг.
Коммерциялық орынжай, 100 ш.м. ~ 20 млн тг.
2 автокөлік, 2021 жылы шығарылған, жалпы құны ~ 33 млн тг.
Жұртты толғандырған жалғыз газдың ғана бағасы емес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, коммуналдық қызметтер және басқасының бағасы жылына бірнеше рет өсетінін ескерсек, бұл көп жылдар бойы қордаланған, тікелей әлеуметтік шиеленіске, сөйтіп ашынған халықты көшеге шығуға мәжбүрлеген өте күрделі мәселе, халықтың жанайқайы.
Алайда, әзірге энергетика министріне кеңес беретін сарапшылар халықтың деңгейінде өмір сүріп көрмей, жағдайдың жақын арада жақсаратынына сену қиын.
https://t.me/chinovnik_kz/419 Парақшамызға жазылыңыз