COVID-19: елдегі ахуал қандай?

723 рет қаралды
Фото: Vlast.kz
Фото: Vlast.kz

Елдегі эпидемиологиялық ахуал күн сайын нашарлап, коронавирус тез тарап  жатқанын күні кеше ғана Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов  атап айтты.

“Елорда, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін көріп отырмыз. Бұл өңірлер “қызыл” аймаққа және 6 өңір “сары” аймаққа өтті. Біздің негізгі міндетіміз – эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша шараларды күшейту керек”, – деді Үкімет басшысы.

Тәж тажал халық қалаулыларын да айналып өткен жоқ. Жуырда ғана Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек коронавирус жұқтырғанына байланысты демалыста екенін  “Астана” телеарнасының эфирінде партия баспасөз хатшысы Арман Қырықбаев айтқан болатын.

Өңірлерге  шолу жасасақ

“Атырау облысында коронавирус инфекциясының жұқтыру дерегінің күрт өсуіне байланысты ақпараттық түсіндіру жұмысы жанданды. Дәрігерлер тұрғындарға вакцина салдыру мен ревакциналаудың маңызы туралы кеңінен түсіндіріп жатыр. Былтырғы 23 қарашада басталған ревакциналау қарқын алды. Ревакциналауды бірінші кезекте дәрігерлер мен полицейлер, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, студенттер мен созылмалы сырқаты бар пациенттер алады. Олардың жалпы саны –50 мың адам. Осы кезге дейін осындай сегіз санатқа енгендердің арасынан 11 123 адам қайта вакциналаудан өтті”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

“Алматы облысында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін COVID-19-дың зертханалық расталған 50 847 жағдай тіркелген. Соңғы 2 аптада сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,02% – дан 0,04% – ға дейін ұлғайды, жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші күніне 25-30 жағдай деңгейінде ұсталып тұр.
Жас құрамы бойынша сырқаттанғандардың жоғарғы үлес салмағы 50 және одан жоғары жастағы контингент арасында – 39,7% тіркеліп отыр, одан әрі 30-39 жас аралығында – 18,8%, 40-49 жас аралығында – 17,5%, 14 жасқа дейінгі балалар арасында-9,3%, 20-29 жас аралығында-14,7%-ы байқалады.
2021 жылдың 28 желтоқсаннан 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін ауруды алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 27,5% – ға артқаны байқалады. Бұл жаңа жылдық мерекелерге және облыс тұрғындарының санитариялық дәрігер ұсынған шектеу шараларын сақтамауына байланысты.
Соңғы тәулікте 29 жағдай тіркелді. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аурушаңдық облыстың 5 өңірінде байқалды.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, вакцинация және шектеу шаралары шарттарын қатаң сақтау карантиндік режимнен шығудың кепілі болып табылады. Тек вакцинация және ұжымдық иммунитетті алу облыс тұрғындарына әдеттегі өмір салтына оралуға көмектеседі.
Вакцинацияға келетін болсақ, 2022 жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін – 900 362, екінші компонентін – 839 646 адам алды. Сондай-ақ, облыстың 45 366 тұрғыны “Комирнати” вакцинасының бірінші компонентін алып үлгерді, ал ревакцинация курсынан 55 780 адам өтті”,-дейді Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар