/

Қазақстанның бірқатар өңірінде ТЖ режимі алынып тасталынды

840 рет қаралды
Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

13 қаңтардан бастап, яғни бүгіннен бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталынды. Жарлық Ақорда сайтында кеше жарияланды.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес төмендегі өңірлерде ТЖ режимі бүгіннен бастап алынып тасталынды:

«Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар