/

Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударады

1478 рет қаралды

Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударады

Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Kaspi.kz және компанияның негізгі қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе қорға 10 млрд теңге аударады.

Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар