2022: Қытай қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты

894 рет қаралды
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Бейжіңдегі  қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті 2022 жылғы қысқы ойындарға билеттерді ашық сатылымға шығармау туралы шешім қабылдады. Себеп әлемді жайлаған пандемия деп хабарлады Reuters агенттігі.

Билеттерді ашық сатылымға шығаруға рұқсат жоқ, бірақ билеттер белгілі бір көрермен топтарына тікелей таратылады. Ойынды тамашалауға арналған орындарда тек вирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағандар отыра алады. Олардың арасында билет квотасы бөлінеді”, – делінген Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында шетелдік көрермендер болмайтынын мәлімдеген.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар