Назарбаевқа арнаған «Елбасы» күйін кеше өртеп жібердім-Шәміл Әбілтай

1443 рет қаралды
youtube.com
youtube.com

Күйші Шәміл Әбілтай бірнеше күйлердің авторы. Және өнер иесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап “Елбасы” атты күй жазған, Күйдің бүгінгі тағдыры мен жаңа жоспары жайлы Мәлім.кз сайтына берген сұхбатында айтып берді.

“Назарбаев тақта тұрғанда кетем деп ойламады. Патша елмен бірге бола ма деген үміт болды, бізде. Мынадай жағдайдан кейін күйдің киесіне қалмайын деп өртеп жібердім. Күй-қазақтың бойтұмары. Бұрын Гете мен Бетховен де Нопалеонға арнап шығарма жазған. Кейін қатты ренжіп, өкінген деседі. Менің де көңіл-күйім осындай”-деп күйші туындысын өртеу себебін түсіндірді.

Және өнер иесі “Қаңтар қырғыны” атты  күй туындағанын да жеткізді.

“7 қаңтар күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуі мені де жігерлендіріп, домбырам сөйлеп кетті. Содан «Қаңтар қырғыны» деген күй туды. Шынымды айтайын, мені оны жәйдан-жәй шығара салған жоқпын. Тоқаев халыққа үндеу жолдамағанда осы күй шықпайтын еді.

Туынды кешегі «Қаңтар қырғынына» байланысты.  Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі сияқты. «Қаңтар қаһарманы» деген күйім өлгендерге тағзым, тірі қалғандарға рух беру үшін шығарылды. Менен «Шәміл, неше күйің бар?» десе бір ғана күйім бар деуім мүмкін. Ол – «Қаңтар қаһарманы». Қасым-Жомарттың атасына «Тоқай тағдыры» деген күймен құлпытас қойдым. 30-жылдары ашаршылық құрбаны болған ғой. Оның моласы да жоқ. Аштан өлген 4 млн адамның бірі”, дейді күйші Шәміл Әбілтай.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар