“Әйел адамды қағып өлтірген”-Қостанай қаласы әкімі аппарат басшысының көлік жүргізушісі

1221 рет қаралды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қостанай әкімі аппарат басшысының жүргізушісі қызметтік Toyota-Camry көлігімен әйелді қағып өлтіргенін растады. Бұл туралы Қостанай қалалық Наша Газета жазды.

Жол көлік оқиғасы 15 қаңтар күні сағат 8.30 кезінде  Маяковский көшесінде болған. Toyota-Camry қызметтік көлігінің тізгінінде 1997 жылы туған азамат болған. Жүргізуші бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, әйелді итімен бірге қағып кеткен. Ит бірден өліп, 1970 жылы туған әйел ауруханаға жеткізіліп, кейін  қайтыс болды.

Наша Газетаның оқырмандары көлік тізгінінде әкімшіліктің көлік жүргізушісі, яғни Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Клочкоға бекітілген қызметтік көлік жүргізушісі тізгіндегенін айтады.

“Бұл автокөлік “Қостанай қаласы әкімінің аппараты” ММ тізім қатарында бар. Оны аппарат басшысы да пайдаланады. Қазіргі уақытта бұ көлік жүргізушісі уақытша жұмыстан шеттетілген. ТЖ режимі кезінде 10.01.2022 мен 19.01.2022 аралығында қалалық әкімдік қызметкерлері үшін бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес, 15 қаңтарда автокөлікті әкім аппаратының басшысы Клочконы тасымалдау үшін пайдаланған”,-деді қала әкімі Қайрат Ахметов.

Апат кезінде аппарат басшысы көлікте болды ма деген сұраққа қала әкімі жоқ деп жауап берді. Ішкі істер қызметкерлі тексеріс жүргізіп жатыр деп сөзін аяқтады Ахметов.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу мәліметтері ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар