“Мінбер” оқырмандарының есінде болса, осыдан біраз уақыт бұрын бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Коскина арасында дау туындап, соңы журналистің экс депутатты сотқа беруімен аяқталған еді.
Бекболат Тілеухан журналистің кәсіби қызметіне бөгет келтірді және қол көтерді деп айыпталған еді. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласында экс-депутатқа қатысты әкімшілік сот басталған еді. Vesti.kg тілшісі Айнұр Коскина экс депутаттан сұхбат алуға талаптанған оған шенеуніктің қол көтергенін мәлімдеген. Ол журналиске басы артық сөз айтқаны үшін кешірім сұрады, әрі бұндайды қайталамауға уәде берді.
Бекболат Тілеухан өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Керісінше, жала жабу және қорлау бабы бойынша сотқа беретіндігін айтты. “Оның мақсаты менен сұхбат алу немесе қандай да бір мәлімет алу болмады, керісінше менің ашуыма тиюді мақсат етті. Мен оған қол көтермедім. Штатив менің бетіме тақалып тұрды, мен оны сәл итердім, бірақ ол бірден актрисаға айналды, мен оны ұрды деп шу көтерді” дейді ол. Ал журналист бұл оқиғадан кейін оған қоқан-лоқы көрсететіндердің көбейгенін айтады.
“Сол күннен бастап үйден жалғыз шығудан қорқатын болдым, өйткені жеке қауіпсіздігім үшін қорқамын”, — дейді Айнұр Коскина. Сот отырысы 24 қаңтарға ауыстырылды.