“Самұрық-Қазына” басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап берді

798 рет қаралды
Фото: lsm.kz
Фото: lsm.kz

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қаңтар күні отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде    «Самұрық-Қазына» қорын реформалаудың перспективасына баса мән беріп, Қордың басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау міндетін орындай алмаса, орнынан кетеді деген болатын.

“– Қазір Қор – өте үлкен құрылым. Жабықтық, «саяси маңызы бар адамдарды» тағайындау, сатып алулардың тиімсіздігі, еңбек қатынастарындағы дау-дамай, ауқымды жобалардың аяқсыз қалуы және тиімсіздігі, компанияны ұстап тұру шығындары  – бұлардың бәрі қоғамның наразылығын тудырып отырған мәселелер. Күні бүгінге дейін мұнайхимия саласын қалыптастыра алмадық. Кеңес дәуірінде салынған зауыттарды қайта жөндеумен келеміз. Директорлар Кеңесі рөлі мен тәуелсіз директорлардың қатысуы көп жағдайда ештеңе шешпейді. Қорды түбегейлі реформалау міндетін жүктеймін. Бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлестім. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кетеді,” – деді Мемлекет басшысы.

“Самұрық-Қазына” қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін өзінің Facebook парақшасында жазба  жариялады.

“Бүгін ел басшылығының саяси тілегі арқасында “Самұрық-Қазына” қорында  қоғамда қызу  талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі бар. Біз реформалау бағдарламасы жобасына сындарлы ұсыныстарын бөлісуге дайын әрбір адаммен диалог жүргіземіз. Ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базалық қағидаттар ретінде айқындалды. Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлттық байлықты әділ бөлу элементі ретінде қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін.

Ел экономикасындағы түйіткілді проблемаларды шешу үшін Қор  компаниялары тобындағы бизнес-процестерді және корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергиясы және телекоммуникация нарықтарындағы қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараларды ұсынамыз. Біз сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарап, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін күшейтуге ниеттіміз. Бұл мәселелер бизнес-қоғамдастықпен 26 қаңтар, сәрсенбіде әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында талқыланады. Бағдарлама бекітілген жағдайда, мен оның табысты енгізілуін және орындалуын қамтамасыз етуге дайынмын. Сізден корпоративтік мекенжайымызға ұсыныстарды күтеміз – usynys@sk.kz” – деді Сәтқалиев.


Парақшамызға жазылыңыз


                

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар