“Халықтың сенімінен айырылдық”: Неге депуттаттар NurOtan-нан шығып жатыр?

1069 рет қаралды
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Семей қаласының мәслихат депутаттары өз өкілеттілігін тоқтатуға шешім қабылдаған. Ол туралы халық қалаулылары өздерінің Facebook парақшасында жазған.

“Бүгін, 24.01.2022 ж., мен «Нұр Отан» партиясынан шыққанымды көпшілік алдында жарияладым, сонымен қатар бастауыш партия ұйымының алдында сөз сөйлеп, депутаттық өкілеттігімді қалдырдым, оның мүшелері шешімімді бірауыздан қолдап, бүгіннен бастап партия филиалына оның құрамынан шығу туралы арыз жаздым,”- дейді Айдос Кисаменов өз парақшасында.

Ол депутат болған жылдың ішінде біршама қиындыққа тап болғанын, әлеуметтік мәселерді көтерген сәтте жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Бұл істе ешқандай ләззәт алмағанын, депуттаттық мансабын доғаратынын айтты. Ал қаңтар оқиғасы кезінде жергілікті билік пен Nur Otan партиясының филиалы сенімнен айырылған, өңір басшылығы да қол қусырып отырған.  Тәртіпсіздік басталғаннан, аяқталғанға дейін  ол жайлы сөз қозғамағандары да көңіліне келген.
“Депутаттық институттан көңілім қалды. Сондай жауапты сәтте партия филиалының әрекетсіз отырғанына қынжылдым. Бізге дауыс берген халықтың сенімінен айырылдық,”-дейді Қисаменов.

“Өкінішке орай, Семей қаласының басшылығына да, Nur Otan-ды аймақтық деңгейде басқаратын облыстық басшылыққа да тәуелсіз әрі өз ойы мен пікірі бар мәслихат депутаттары керек емес екен. Соған көзім айқын жетті. Оларға жуас және облыс әкімінің командасымен уақытында қол көтере салатын адамдар керек. Ал белсенді қөзқарастағы  адамдарды қудалады, қоқан-лоқы жасады, кемсітіп, құқықтарын шектеді, ашық күрес арқылы партия қатарынан шығаруға тырысты. “Қаңтар оқиғасы”-да партияның әрекетсіз отырғанын көрсетті. Халық өтірік пен екіжүзділіктен шаршады”, – деп жазды Дулат Қажмұханбет өз парақшасында. 

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар