Экология вице-министрі мен “Оператор” РОП басшысы қамауға алынды

617 рет қаралды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен “ӨКМ Операторы” ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растады.

“Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді агенттіктен.

БАҚ-тың хабарлауынша, Пірімқұлов пен Құмарғалиев елден қашып кетуге тырысқан.

Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бастап вице-министрдің міндетін атқарған. Оның қызметінде істеген жұмыстарының бірі – қоқысты утилизациялау болды.

Құмарғалиев 2019 жылдың қараша айында “ӨКМ Операторы” жеке компаниясының басқарма төрағасы болды.

Дереккөз: Stan.kz

Фото: дереккөз

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар