/

“Құр әңгіме, түсініксіз жоспарлар. Қайтарымы жоқ”- Мамытбеков “Самұрық-Қазына” қорын сынға алды

864 рет қаралды
википедия
????????????????????????????????????

Сенатор Еділ Мамытбеков “Самұрық-Қазына” қоры туралы заңды қайта қарау не тіпті оны ел экономикасының дамуын тежеуші ретінде жою қажет деп санайды. Бұл  туралы @senate_kz инстаграм парақшасында жарияланды.

Сенатор өзінің депутаттық сауалында 600-ге жуық ұйымды қамтитын квазимемлекеттік секторды, әсіресе “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорын түбегейлі реформалау жөніндегі Президент алға қойған міндеттерді іске асырудың маңызын атап өтті.

“Соңғы уақытта “Самұрық-Қазына” қорына қатысты шағымдар аз емес. Бұған себептер жеткілікті-Холдингтің құрамына көптеген қуатты институттар кіреді, олардан қайтарымын күткенімізге көп болды. Ал ол жоқ!  Құр әңгіме, түсініксіз жоспарлар, жобалар, бағдарламалар ғана бар,”-деді Мамытбеков.

Сенатор сондай-ақ Үкімет алдына қорды жаңғырту жөніндегі қабылданатын үлгінің тиімділігіне қатысты бірқатар мәселелер қойды.

“Қорды жаңғыртудың қабылданатын үлгісінің тиімділігі қандай, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту мөлшері қандай? Бұл ретте біз стратегиялық маңызды объектілер мемлекеттің бақылауында қалуы тиіс және жекешелендіруге жатпауы керек деп есептейміз”, – деп атап өтті Еділ Мамытбеков.

Үкімет жоғарыда аталған проблемалар мен міндеттер бойынша өзінің мемлекеттік ұстанымын қабылдап, әзірлеуі қажет деп санаймыз, деді сенатор.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар