//

Елдегі содырлыққа қатысы бар деп айыпталған Йакын Инкар радикалды ағымы туралы не білеміз?

2026 рет қаралды
фото: central.asia-news.com

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин елдегі тәртіпсіздіктерге радикал және экстремистік ұйым мүшелері қатысқанын «Хабар 24» телеарнасында журналистерге берген сұхбатында айтқан.

«Сонымен қатар, арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикал және экстремистік ұйым мүшелерінің соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады. Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдардың бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуыл жасау әрекеті болды. Бұл әрекеттерді арнайы қызмет дер кезінде басып тастады»– деді, Ерлан Қарин.

Ал 26 қаңтарда “Хабар” телеарнасы қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм көрсетті. Фильмде 1 қаңтар мен 8 қаңтар арасындағы Алматы және Қазақстанның өзге өңірлерінде болған оқиғалар баяндалады. Деректі фильмді қорыта келе, автор “оқиға кезінде террористер бір орталықтан басқарылғанын” атап өтті.

Сондай-ақ, “Йакын Инкар” радикалды ағым өкілдерінің қатысы барын төмендегі мәтінде нақтылай түседі:
“Ұсталғандар арасында “Йакын Инкар” радикалды ағымының бірқатар өкілі бар. Олардан қару-жарақ, граната, оқ-дәрі, діни брошюралар мен әдебиеттер тәркіленді”.

“Йакын Инкар” – Қазақстанда “экстремистік ұйым” деп танылған “Таблиғи Жамаат” радикалды қозғалысының бір тармағы. Бұл жөнінде Қазақстан Бас прокуратурасы алғаш рет 2018 жылы мәлімдеген. Сол кезде ведомство ұйымның бірқатар елдерде (арасында Қазақстан да бар) “халифат” құруды көздейтінін, билікті күшпен басып алуды мақсат ететінін айтқан.

Ал белгілі дінтанушы Досай Кенжатайдың айтуынша “Йакын Инкар” мистикалық платформаға негізделген саясатпен ісі жоқ сопылық діни ұйым:

“Өткен ғасыр басында, 1926-30 жж Үндістан мен Пәкістанда кең тараған сопылық ағым. Қазір Қырғызстанда бар. “Йакин Инкар” сөзінің мағынасы “тарки дүния”, демек, дүниеден бас тарту дегенді білдіреді.
Зайырлық ұстанымға қайшы әрекеттері бар. Мәселен, білім алуға қатысты: олар балаларды мектепте оқытпайды. Медициналық көмекке жүгінбейді. “Дерт, ауру Алладан, демек шипасын да Алла береді” – деп түсінеді. Сонымен бірге жыныс теологиясы, теософия, құқық туралы өзіндік ұстанымдары бар. Мистикалық платформаға негізделген, саясатпен ісі жоқ сопылық сипаттағы діни ұйым”.

Шындығында, Қырғызстанда 2017 жылдың 15 маусымынан бастап “Йакин Инкар” экстермистік діни ағым ретінде ісін жалғастыруға тыйым салынған.

“Sputnuk Қырғызстанның” мәліметіне сүйенсек 2017 жылы 20 қазанда діни ұйымның 47 жасар бас лидері ұсталған. Тергеу барысында ол Үндістан мен Бангладеште өткен жиындарға қатысып, діни әдебиеттерін аударып келгені анықталыпты.

Ресми мәлімет бойынша қаңтар оқиғасына қатысты 2044 қылмыстық іс қозғалды, 900-ге жуық күдікті ұсталған, 800-інен астамы сот санкциясымен қамалған.
227 адам мерт болды. Олардың 19-ы күш құрылымдар өкілдері.

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар