“Петиция маған ауыр тиді”-Бақытжан Сағынтаев

664 рет қаралды
Фото: primeministr.kz
Фото: primeministr.kz

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Байтасов Live Ютуб арнасына сұхбат берді. Әкімнің әңгімесі Covid-19 инфекциясын жұқтырған сәтінен басталды. 2-қаңтар күні ыстығы көтерілгенін, сонда да телефон арқылы байланыста болғанын айтты. 4-қаңтар күні ыстығы көтеріліп тұрса да, шаруаға кіріскенін айтты. Арманжан Байтасовтың сұрақтарына жауап бере келе, әкімнің отставкасына қатысты петицияға қатысты да пікір білдірді.

“Бүліктер біткен соң петиция пайда болды. Петиция маған  ауыр тиді. Мен де адаммын. Бірақ жұмысымды жалғастыруым керек. Жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы қалпына келтіру, келтірілген шығынды өтеу, бәрін тез арада шешіп, жұмысты үйлестіру керек болды”,- деді шаһар басшысы.

https://www.youtube.com/watch?v=ofL2ORnHptY

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар