//

“ҚазАвтаЖол” басшысы қызметінен кетті

1006 рет қаралды
Фото: ҚазАвтоЖол

Асқар Мұратұлы “ҚазАвтоЖол” төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Мұратұлы өзінің Facebook парақшасында жазды.

“Бүгін менің «Қазавтожол» ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Ең бастысы – осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар менің әріптестерімнің жемісті еңбегі деп білемін.
Мемлекет басшысы мен Үкіметтің бізге жүктеген тапсырмаларына сай Республикалық маңызы бар 3 мың 600 шақырым жолда орта және күрделі жөндеу жұмыстары орын алып, оның 2 мың 200 шақырымында қозғалыс берілді, 324 шақырымы іске қосылды. Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базары маңындағы жол айырығында қозғалыс ашылды. «Қызылорда – Жезқазған» жолы құрылысының барлық рәсімдері өткізіліп, келісімге қол қойылды. Жоба биыл басталады. 20-дан астам жол бойындағы сервистік нысандар пайдалануға берілді. Әлемнің бірнеше жетекші банктерімен ынтымақтастық келісім шарттарына, бірқатар отандық ірі компаниялармен көпжақты меморандумдарға қол қойылды.
Сондай-ақ, Компания қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін Қоғамдық кеңес пен арнайы, тұрақты Комиссия құрылды. Комиссияның алдына қойған басты мақсаты – барлық тендерлер, сатып алулардың ашық түрде өткізілуіне қатаң бақылау орнату, кері байланысты жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін факторлады жою, заңға қайшы келетін іс-әрекеттердің алдын алу болып табылады.
Осы орайда маған сенім артқан Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Премьер-Министрге, тиісті министрлікке, сондай-ақ барша әріптестеріме, мердігер ұйымдарға, қоғам белсенділеріне, және де, ең бастысы – жаздың аптап ыстығында да, қатты аязында да жолда жұмыс істейтін әріптестеріме алғысым шексіз. Еңбектеріңіз жансын!
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне объективті сын мен сындарлы диалог үшін рахмет айтамын!”- делінген жазбада.
Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар