Алматы облысы мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев облыс аумағында аудандарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізіп келеді. Кезегін күткен Қарасай аудан тұрғындарының қатарынан “Мінбер.кз” ақпарат агенттігінің тілшісі де табылды.
Береке ауылына қарасты “Астана” көшесіне 214 млн. теңге бөлінді” – деп, хабарлаған мәслихат хатшысы бұл істі қадағалау әрі сапалы атқару ісін облыстық мәслихат депутаты Жалғасқан Серікұлына тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, бас-аяғы 4,4 км-ге созылған көшенің “тағдырын” алдағы “Нұр Отан” партиясының мәслихат сессиясы шешетінін алға тартқан мамандар, қаржы көлемін айтқан еді.
Дәурен Наурызбаев, Қарасай аудандық
Автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:
“2019 жылдан проект смета құжаттары дайын, жылына үш-төрт рет негізі заявка өткіземіз. Құны 214 млн. теңге болды. Бөлінгеннен кейін жұмыс басталады”
Қарасай ауданы – мәслихат хатшысының ел аралап, кездесу өткізген жетінші ауданы. Алматы облысының құрамында 17 аудан, 3 қала бар.
“Береке” ауылындағы түйткілді мәселелер туралы “Мінбер” сайты бұған дейін бірнеше мәселе көтерген болатын: “Астана көшесі астана атауына лайық па? Қарасай ауданына қарасты, Береке ауылының тұрғындары батпақтың кесірінен мектепке жете алмай жүр”, “Көшелерің жөнделеді! Бұл сөзге ауыл тұрғындары сенбейді”
Парақшамызға жазылыңыз