/

Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ қызы көрерменді тәнті етті

1272 рет қаралды
Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Бұл туралы ZTB kz жариялады.

Бүкіл әлемнің назары қазір Қытайда болып жатқан қысқы Олимпиада ойындарында. Спортшылар өзінің шеберлігімен ғана емес, сұлулығымен де көрерменді тәнті етіп жатыр.

Солар бірі жанкүйерлерін  сұлулығымен тәнті еткен Ақнар Ардақ 1999 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келген. 1 маусымда 23 жасқа толады. Қыздың әкесі қайтыс болған, анасы мұғалім.

Ол бала кезінен бері коньки мен мұзды жақсы көрген. Ардақ спорттық карьерасының басында халықаралық жарыстарға шорт-тректен қатысқан, ал 2018 жылдан бастап конькимен жүгіру спортынан өнер көрсете бастады. Бұған дейінгі бір жарыста ел рекордын жаңарта алды.

Ол сұхбаттарының бірінде спортқа деген қызығушылығы белгілі қытайлық конькимен жүгіруші, ал қазір жаттықтырушысы Синь Циньшаньге байланысты туындағанын айтқан. Жаттықтырушысы оның потенциалын көтеруге көмектескен.

Бүгінгі Олимпиадада бір рет 3000 метрге өнер көрестіп үлгерген. Нәтижесінде 17-орын иеленді.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар