//

Қазақстандық үш шорт-трекші Бейжің олимпиадасының ширек финалына өтті

993 рет қаралды

Қазақстандық үш шорт-трекші Бейжің олимпиадасының ширек финалына өтті, деп мәлімдейді ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

Шорт-тректен Қазақтанның ерлер командасы 500 метрге жарысудан Олимпиаданың іріктеу айналымына қатысқан. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов және Абзал Әжіғалиев қорғаған болатын. Іріктеу қорытындысы бойынша үш спортшы да ширек финалға жолдама алған.

Ғалиахметов өз тобында екінші орынға табан тіресе, Никиша мен Әжіғалиев бірінші орыннан көрінген. Осылайша, қазақстандық спортшылар автоматты түрде келесі кезеңге өтіпті.

Комитеттің хабарлауынша ширек финал, жартылай финал және финалдық кезеңдер 13 ақпанға жоспарланған.

Әлемнің мұз айдындарында ел намысын қорғап жүрген шорт-трекшілерімізге алдағы шешуші күндері сәттілік тілейміз және барлық қазақстандықтарды жанкүйер болуға шақырамыз!

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар