///

Бақытбек Бәмішұлы: Алыстан сәлем жолдадым Алматыма

1903 рет қаралды
фото: Маса медиа
Бүгін елімізде «қисыннан тыс құбылыс» болған қаңтардың қанды қасыретіне қырық күн толып отыр. Қанша алыста жүрсекте ел басына күн туған күндерді өздеріңізбен бірдей бастан кешірдік. Қаңтар көтерілісінде шейт болған жандарды қайыра еске аламыз. Боздақтардың алды жарық, арты қайырлы болсын. Ел-жұртқа көңіл айтамыз. Ел аман, жұрт тыныш болсын.
Шарпыса шығысты  арай,
Қарықтым қарай-қарай.
Ай дидар ару қалам,
Алматым, қалің қалай?
Тұманды Альбионда,
Толғанда жаным мұңға.
Аймалап сен келесің,
Айналам жалын жырға.
Алматым, алыстамын.
Арыңмен алысқан кім?
Тұрсам да жылап іштен,
Шақпадым танысқа мұң.
Тайынның жағасында,
Қарасам қара суға,
Көлбіреп сен тұрасың,
Көзімнің қарасында.
Таппадым тағат мұннан,
Айналам қалың тұман.
Көзімнен жас моншақтап,
Кеудемнен тамып тұр ән.
Жүрмін мен жерім шалғай,
Атымнан ерімді алмай.
Жарысып ұшқан құспен,
Жетермін желден қалмай.
Аман ба, ауылдарым?
Аман ба, қауымдарым?
Аман ба, Алатауым?
Аман ба, бауырларым?
Алматым!
09.02.2022ж.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар