//

8-наурыз күні феминизмшілерге қарсы митинг өткіземіз- «Құндылық пен тәрбие» ҚБ

1216 рет қаралды
new.pavlodarnews.kz
new.pavlodarnews.kz
«Құндылық пен тәрбие» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде аздындықты дәріптейтіндердің шеруіне қарсылық білдіремін. Алматы қаласы әкімдігіне ескертеміз. Егер бұл шеру тоқтаматылмайтын болса бір топ намысты жігіттермен көшеге шығып, шерудің жолын бөгейтін боламыз, деген жазба жариялады өзінің Фейсбук парақшасында Талғат Жанысбай.
(Фото дереккөз)
Қазыбек Иса, Ерлан Сайров, Елнұр Бейсенбаев, Парламент мәжілісінде халықтың мұң-мұқтажын ашық айтып жүрген депутат ретінде және талай басқосулар мен бастамаларда бірге мүдделес болған азамат ретінде өздеріңізден осы мәселені парламентте көтеруді сұраймын.
Феминизм атын жамылып, ЛГБТ және тағы басқа жастарды азғындыққа шақырып, өзінің үгіт-насихатын жүргізетін азғындардың шеруіне жол бермеуіміз қажет.
Бахтияр аға, өткенде Арманның суретін салып, Кейкі батыр сияқты ел қорғайтын азаматтар да қажет деп, жазған едім.
Сол жазбамдағы Кейкі жігіттер осындай жағдайларда керегін көпшілік ұқпады. Міне сондай жігіттер осындайда қажет. Намысты жігіттері бар елде ешқандай ЛГБТ шеруі болмайды. Кейбіреулер Заңы дұрыс жұмыс істейтін елде Кейкі жігіттердің (рэкеттің) қажеті шамалы деген еді. Бірақ Заң азғындықты да «демократиялық» ел ретінде бекітіп бере береді. Сондықтан азғындыққа жол бермеуге барлық намысты азаматтар мен азаматшаларды қолдауға шақырамын.
P. S: Егер азғыздықты жарнамалайтын шеру тоқтатылмайтын болса, «Құндылық пен тәрбие» Қоғамдық бірлестігі 8-наурыз күні феминизмшілерге қарсы митинг өткізетінін хабарлаймыз.
Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар