Табиғи монополияларды реттеу, тұтынушы құқығын қорғау комитетінің облыстық департаменті Көктал ауылында жарық құнының қымбаттығы жөнінде тыңдалым өткізді.
Алматы облысы Талғар ауданы Көктал ауылы тұрғындарының жарық бағасына байланысты шағымдарын сайтымызда көтерген едік
Осы уақытқа дейін тариф 28 тг алып келген ИП Алтаевпен келісім шарт жасалмаған болуы мүмкін дейді тұрғындар. Өйткені”АлматыЭнергоСбыт” ЖШС ұсынған ақпаратқа сәйкес Көктал ауылы 02.07.2018ж “АлматыЭнергоСбытпен” келісім шартқа отырғаны көрсетілген.
Тұрғындармен түсіндіру жұмысын жүргізген тыңдалымда
“АлматыЭнергоСбыт” ЖШСның департамент директоры А.Н. Мұқажанов
Көктал ауылының тұрғын үй алабын электрмен жабдықтауға рұхсат етілген қуаты 400 кВт.
Талғар ауданының Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ №12272 келісім -шарты 02.07.2018 ж жасалғанын айтып өтті. Техникалық құжаттамаға сәйкес, тұтынушының теңгерімінде орналасқан тұрғын үй алабы үшін баланстық тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісі, ай сайын бос жүріс шығындары есептелетінін айтты. Шығындарды есептеу “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ кестелік деректеріне сәйкес тұтынушының балансында тұрған күштік трансформаторларда автоматты режимде жүргізіледі деді ол.
2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысы өңірінің тұтынушылары үшін мынадай тарифтер қолданылады:
Электр энергиясын өз тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВт үшін ҚҚС-сыз 16,86тг(ҚҚС-пен 18,88тг) екенін айтып өтті.
Ал ” Талғар ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ бас маманы Олжас Маратұлы
Талғар ауданы Көктал ауылында №693 трансформаторлық қосалқы станция(ТҚС) “Талғар ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ нің балансында тұтынушылардың жеке дербес шоттары жоқтығынан есепке алудың бас аспабы ТҚС орнатылғанын, Коммуналдық меншіктегі ТҚС №693 трансформаторлық қосалқы станциясы мен электр беру желілерін энергия беруші ұйымға сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары 2022 жылдың жарты жылдығында іске асырылатыны туралы түсіндіріп берді.
Әлия Әбілсейітқызы,
Талғар ауданы,
Көктал ауылы
Парақшамызға жазылыңыз