“Самұрық-Қазына” қорының Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау облысында жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 35% – ға өскенін хабарлады.
Маңғыстау облысында арнайы жұмыс тобы құрылды, ол қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы талаптарын қарастырады.
“Жағдай оңай емес. Облыс әкімдігімен бірлесіп “Өзенмұнайгаз”АҚ-да Жаңаөзен қаласының жұмыссыз тұрғындарын жұмысқа орналастыру жүйесі әзірленді.
ӨМГ – дегі бос орындарға қызметкерлердің табиғи кемуі есебінен аутстаффинг мамандары-коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері жұмысқа қабылданады.
Соңғы уақытта осы схема бойынша ӨМГ – ге 435 адам қабылданды”, – деп хабарлады Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ жұмыссыздарды “Қазмұнайгаздың”ірі мердігерлік ұйымдарына жұмысқа орналастырады. Облыстың барлық мердігерлік ұйымдары жұмыс көлемімен қамтамасыз етілген, деп сендірді Сәтқалиев.
90-нан астам ұйыммен жұмыс жүргізілуде, 129 қосымша келісімге қол қойылды.
“Жалақыны көтеру бойынша шаралар қабылдануда және олар 19 мыңнан астам қызметкерді қамтиды. Орташа есеппен жалақы 35-40% өседі деп сендірді Сәтқалиев.
@Mangystaunews
Парақшамызға жазылыңыз