«Qazaqstan» телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты эфирге шықты. Президент сұхбатында қасіретті Қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап берді.
Әуелде бейбіт шерумен басталған қаңтардағы оқиғаның күрт өзгеріп кеткенін атап өткен
ҚР Президенті «Бұзақылардың шынайы мақсаты билікке шабуыл жасау болды. Еліне, жеріне адал қызмет ететін, нағыз отаншыл азаматтар мұндай опасыздыққа бармайды. Бұл – анық нәрсе.
Төңкеріс – елдігімізге, мемлекеттік тұтастығымызға, халқымыздың қауіпсіздігіне қарсы жасалған әрекет» – деп, атап өтті.
Сондай-ақ, мыңдаған адамның қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барғанын, бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шыққанына сенімсіздік танытқан Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі міндет “бейбіт азаматтарды лаңкестерден, қарақшылардан бөліп алуымыз керек. Бұл – өте күрделі жұмыс Кінәсіз азаматтардың құқығын қорғауымыз керек» – деді.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын көмекке шақыру – ел арасында күмән тудырған мәселенің бірі. Журналистің сұрағына “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бәрімізге ортақ құрылым. Біз ешкімге ештеңе де қарыз емеспіз. Қазақстан – егемен мемлекет, сондықтан саясатымыз да дербес», – деп, жауап берді Президент.
Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан Ресей мен Қазақстан басшылары арасында мемлекеттік шекараға қатысты мәселе туындамағанын атап өтті.
Жаңа Қазақстандағы қоғамда заң мен тәртіп болса ғана, ел ішінде үйлесім, бейбіт өмір орын алатынын атап өткен Президент: «Мен «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымды жарияладым, Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ» – деді.
Елдегі реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету сияқты өзекті мәселерге негізделетін атап өткен Қасым -Жомарт Тоқаев наурыз айында халыққа жолдауын жариялайтынын айтты. Ал әзірге келесі президенттік сайлауға қатысатыны белгісіз