///

Қазақстан қаңтар айында шетелге 2,6 трлн теңге аударып үлгерген

3645 рет қаралды
 
Ақпанның 18-інде аталған Агенттіктің төрағасы депутаттардың сауалына жазбаша жауап берген. Жауап қазақ және орыс тілдерінде. Төрағаның айтуынша шетел асқан қаржының 92%-ы төмендегі тоғыз елге тиесілі:
 

“Капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу мақсатында қаржы реттеушілері – Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – ҚНРДА) бірлесіп, күдікті трансшекаралық аударымдардың күшейтілген мониторингі жолға қойылды. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 150 млрд.теңгеден асатын елден тыс жерлерге заңсыз аудару тәуекелі жоғары күдікті операциялар 3 есе көп тоқтатылды және құқық қорғау органдарына жіберілді. Қабылданып жатқан шаралар есебінен шетелге ақша қаражатын шығарудың қандай да бір ауытқушылығы байқалмайды. Керісінше, биыл шетелге 30% – ға аз аударылды” делінген берілген жауапта. 

Төрағаның айтуынша, офшорға ақша шығару Қазақстан заңдарына қайшы келмейді екен:

Қазіргі уақытта офшорларды иелену қазақстандық заңнамаға қайшы келмейді. Сыртқы экономикалық қызмет аясында елден тыс жерлерге ақша аударудың көптеген заңды негіздері бар, мысалы, резидент емес құрылтайшыларға дивидендтер төлеу түрінде. Бірқатар кәсіпорындар өз қызметінің сипатына қарай шетелдік банктерге ақша орналастырады. 

Дегенмен қаржыны заңсыз сыртқа алып шығудың 36 фактісі анықталып, 4,9 млн доллардың  жолы кесілген.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар