Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
“Бүкіл ел аумағында әскери жағдай жарияладық. Мен жаңа ғана президент Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдауды жинай бастады. Біз тыныштық сақтаумыз қажет. Үйде болыңыздар. Украинаның барлық қауіпсіздік және қорғаныс секторы жұмыс істейді. Дүрбелең туғызбайық. Бәріне дайынбыз және бәрін жеңеміз. Себебі біз – Украинамыз”, – деді Зеленский инстаграм парақшасындағы видео үндеуінде.
Парақшамызға жазылыңыз