Орыс әдебиетін әлем әдебиетіне алмастыру туралы жазбасын Аятжан Ахметжанұлы өзінің Facebook парақшасында жариялады. Жазбасын айна қатесіз назарларыңызға ұсынамыз.
“Мен орыс әдебиетін нашар әдебиет демеймін, ұлы шығармаларға толы әдебиет. Орыстың Толстойдай ұлы жазушысының тоқсан томын болмаса да, тоғыз томын оқыған адаммын. Бірақ неге тек орыс әдебиеті?