Пост кеңестік елдердегі жағдайдың бір ұшы үнемі бізді айналып соғып отыратыны анық. Аймақтағы ірі елдердің бірі Украинаның басындағы жағдай кім кімді де алаңдатып отыр. Әсіресе соғыстың Қазақстан экономикасына, саяси ахуалына әсері өте маңызды. Ресеймен бір экономикалық одақтағы ел үшін Батыс пен Американың Ресейге салатын экономикалық санкциясы біздің де экономикамыздың тұралауына әсер етеді. Бүгінгі доллар бағамының бірден шарықтап кетуі соның дәлелі. Қарапайым халықтың қалтасына бұл кәдімгідей салмақ салары анық. Елдегі кедейшілік тереңдей түседі.
Оның үстіне Қазақстан билігі Ресейді жақтап, Украинаға бітімгершілік күштерін жолдайтын болса, жағдай одан әрі ушыға түсетіні мәлім. ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев бұған қатысты қойылған журналистер сауалына нақты әрі тұщымды жауап берді. Ұжымдық қауіпсіздік шарты кеңесі ұйымының Жарғысына сәйкес Қазақстан шиеленіс ошағы осы ұйымға мүше елдердің бірінде болып жатпаса, оған қатысу міндеттелмейді. Украина ұйымға мүше мемлекет емес. Сондықтан ҰҚШҰ негізінде әскер жіберілмейді. Екіншіден, егер БҰҰ мандаты негізінде әлемнің кез келген нүктесіне әскер жіберу қажет деп шешілсе, онда жіберуге мәжбүр болады деді ол.
Парақшамызға жазылыңыз