//

Дариға Назарбаева Мәжілістен кете ме?

1230 рет қаралды
Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығы қызметін аяқтайтыны туралы шешім қабылдады  деп жазады Zakon.kz сайты.
“Бүгін мен Мәжіліс депутаты лауазымынан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Сөйтіп толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайрымдылық жұмыстарымен айналысуды жөн деп таптым. Мен Nur Otan партиясы үшін жауап берген қазақстандықтарға, партияластарыма, маған сенім білдірген ел басшыларына алғыс білдіремін.  Қаңтардағы қайғылы оқиғалар Қазақстан халқының бірлігінсіз, бейбіт аспансыз еліміздің арықарайғы дамуы неғайбыл екендігін танытты. Бұл біздің халқымыздың ең ауыр трагедиясы болды. Сондықтан бұл оқиғаны жан жақты, объективті зерттеп, оқиғаға кінәлілер жазасын тартып, кінәсі жоқтар босатылуы тиіс. “Қаралы қаңтар” біздің барлығымызға сабақ болуы тиіс әрі бұндайдың қайталанбауы үшін қолымыздан келгенін жасауымыз керек. Бұл қаралы күндер анархияның соңы неге әкеп соғатынын көрсетті.  Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен қауіпсіздігін сақтау үшін қоғамның жұдырықтай жұмылған бірлігі керек. Болашақта да отаныма және оның мүддесіне қызмет ететін боламын” делінген оның мәлімдемесінде.
Дегенмен, ТАСС  Казинформ агенттігіне сілтеме жасай отырып Дариға Назарбаеваның Орталық сайлау комиссиясына ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығынан кету туралы әлі өтініш бермегендігін жазады.
Дегенмен Дариға Назарбаеваның Мәжілістен кететіндігі жайлы дүйім елдің медиасы жарыса жазып жатыр. Олардың арасында ресейлік танымал басылымдар мен немістің DW басылымы да бар.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар