//

Украинадағы соғыс. Үшінші күннің қорытындысы қандай және енді не болады?

1245 рет қаралды
сурет: Украиналық "Зеркало недели" басылымының Телеграм каналынан алынды
Украинадағы соғыс әлі жалғасып жатыр. Ресей тарапы Украина басшыларын Минскіде келіссөзге шақырды. Бірақ Украина президенті Зеленский бұл келіссөзді Минскіде емес Еуропаның басқа бір елінде өткізуін қалайтынын айтып, бас тартты. Украинадағы соғыс қалай сипат алып жатыр, бұл туралы журналист Ержан Абдраманның сараптамасына үңіліңіз. 
– Негізгі шайқастар Чернигов, Сумы, Мариуполь, Херсон және Одесса маңында жүріп жатыр.
– Оңтүстік-шығыстағы Запорожье облысындағы Мелитополь (тұрғындар саны 150 000) қаласы Ресей әскерінің қолына өтті.
– Бұдан әрі Ресей әскері Бердянск қаласына жетіп, оның әуежайын басып алды. Мұны олар резерв жеткізу үшін пайдаланбақ.
– Әрі қарай Ресей әскері Мариупольге жылжып, Донбасстан шабуылдап келе жатқан әскермен бүгін қосылуға тырысады. Онда Мариуполь (тұрғындар саны 457 000) мен ондағы украин әскері қоршауға түсуі мүмкін.
– АҚШ-тың CNN, Fox News, MSNBC сияқты телеарналары тәулік бойы Украинадағы соғыстан хабар таратып жатыр.
– Кеше CNN-нің сарапшылары Киев екі-үш күнде құлауы мүмкін десе, бүгін украиндардың күшті қарсылық көрсетіп жатқанын айтады. Әсіресе, олар президент Зеленскийдің ерлігіне тәнті.
– CNN эфиріндегі бүгінгі негізгі тақырыптың бірі – Путиннің Украина билігінде нацистер отыр деген өтірігі және оның үшін керек болғанын талдау
– Германия бұрынғы позициясынан айнып, Украинаға қару-жарақ беретін болды. Оның ішінде әуедегі нысандарды атуға арналған 500 дана «Стрингер» ракетасы бар.
– ВВС-ге сұхбат берген Украинаның бұрынғы қорғаныс министрінің айтуынша, шабуылы малтығып қалған Ресей енді тактикасын өзгертеді. Ол енді әуеден шабуылды күшейтеді.
– Ресей әскерінің негізгі проблемасы – дұшпан территориясымен жүрудің қиындығы және әскерді оқ-дәрі, жағармай, азық-түлікпен қамтудың нашарлығы.
– Үш күн ішінде Ресей кемінде 3000 солдатынан айырылды дейді соғыс аймағындағы журналистік зерттеулерге маманданған Bellingcat басылымы.
– Киевтің мәліметі бойынша, Ресейдің екі СУ-30 истребителі, бір Ил-76 (ішіндегі десанттарымен) әскери-транспорттық ұшағы және бірнеше тікұшағы жойылды.
– Ресей бір ғана солдаттың өлгенін мойындады. Ресей әскері өзімен бірге жылжымалы крематорий ала кетті деген ақпаратты ресейлік саясаткер Лев Шлосберг те растады.
–  Ондағы Кремльдің мақсаты – Украинада өлген солдаттардың денесін әкеліп, жерлеп, туған-туысы жылап жатқан видеолардың тарауына жол бермеу.
– Украина басшылары Путиннің бұл ойын іске асырмайтын сияқты. Вице-премьер Ирина Верещук Халықаралық Қызыл крест ұйымынан мыңдаған өлі солдаттың денесін Ресейге қайтаруға көмек сұрады.
– Украинаның тағы бір күшті қадамы – ресей солдаттарының туыстары үшін тікелей телефон байланысын ашуы. Украинаға кеткен күйеуіңіз, балаңыз тірі ме, тұтқында ма, біле аласыз делінген хабарламада.
– Бірнеше украиналық және ресейлік қоғам қайраткері Ресей өкіметіндегі құпия дереккөзден түсті деген мәліметті жариялады. Оған сәйкес, Украинадағы соғыстың әр күні Ресейге 20 млрд долларға түсіп отыр. Қару-жарақ жетіспейді, ракета бітуге айналған. Украинадағы соғысты тез аяқтау Путин үшін өмірлік мәселе, сондықтан ол дүйсенбіге дейін Киевті алуды міндеттеді. Халық арасында паника туғызу үшін провокация жасау жоспары бар.
Ержан Абдраман
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар