//

Украинадағы соғысқа қатысты соңғы маңызды деректер

1062 рет қаралды
фото: lenta.ru
Путиннің Украинаны екі күнде тізе бүктіреміз деген ойының күл талқаны шықты. Украина сарбаздары өліспей беріспейміз дейді. Журналист Ержан Абдраманның Украина туралы соңғы сараптамасына көз жүгіртіңіз.
Ресей енді әуеден шабуылды күшейтеді деген сарапшы пікірі рас боп шықты. Тұрғын үйлерге түскен снарядтардан жүзден аса бейбіт адамдар қаза болды.
 Әсіресе Украинаның екінші ірі қаласы Харьков қатты зардап шекті. Мұнда әскери нысандар жоқ. Яғни, Путин бейбіт халық тұратын аудандарды атқылау арқылы үрей туғызғысы келеді.
Ахтырка қаласындағы (Сумы облысы) әскери бөлімге жасалған артиллериялық шабуыл нәтижесінде шамамен 70 украин солдаты қаза болды.
 Мәліметтерге қарағанда, Ресей Украина қалаларын «Град» кешендерінен атқылауда. Бұл үлкен территорияға шоғырланған әскерді, онда да танк отрядтарын, ұшып-қону жолдарын талқандауға арналған қару.
Ресей алғаш рет әскери шығын бар екенін ресми түрде мойындады, бірақ қанша солдат өлгенін айтқан жоқ. Мәскеу ресейлік басылымдардың бұл оқиғаларға қатысты «соғыс», «басқыншылық» деген сөздерді қолданбауын талап етуде.
Еуропа елдері Украинаға 56 дана Миг-29 истребителін және 14 дана Су-25 штурмовигін беретін болды. Бұлар 80-жылдары шыққан ескі машиналар, бірақ украин ұшқыштарының қолдануына өте ыңғайлы.
Канада Батыс елдерінің ішінде бірінші болып Ресей мұнайын сатып алудан бас тартты. Белгілі экономист Сергей Гуриев қазіргі санкциялар Ресей экономикасының өсімін тоқтатады, ал мұнай-газ экспортына санкция салынса, онда күйрейді деген болатын.
 Путиннің ядролық қаруды дайындыққа келтіру туралы сөзін сарапшылар Ресейдің дәстүрлі соғыста сәтсіздікке ұшырағанын мойындауы деп қабылдады.
Екі ел делегациялары арасында өткен келіссөзден кейін Украина өкілі Михаил Подоляк «Ресей бұрынғыдай ультиматум қойып отырған жоқ» деді. Бұл да Ресейдің позициясы әлсірегенін білдірсе керек.
Bellingcat жобасының негізін қалаушылардың бірі Христо Грозев Ресей бұл соғысқа негізінен славян емес ұлттардың өкілдерін жіберді деген пікір айтты.
 Зеленский Украина әскері қатарында соғысқысы келетін шетелдіктерді визасыз кіргізу туралы жарлық шығарды. Сонымен қатар ол соғыс тәжірибесі адамдардары түрмеден босату шешімін жариялады.
Киевке көп әскери техника жылжып келеді. Рейтердің мәліметіне қарағанда, колоннаның басы мен аяғы 60 км жерге созылған. Украина астанасы қорғанысқа дайындалып жатыр.
Ресей әскери басшылығы Киевке кірген жағдайда шығын көп болатынын біледі. Сондықтан олардың ендігі мақсаты – Украина астанасын блокадаға алу арқылы украиндардың сағын сындыру.
Ержан Абдраман. 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар