//

Жұлдыз Әбділда: Медиа қауымдастық өкілдері ақпаратты таратқан кезде медиа стандарттардан ауытқымаса екен

2305 рет қаралды

Құрметті журналистер, әріптестер! 

«Қазақстандық Медиа желі/KazMediaNetwork» және Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті бүгінгідей бәріміз үшін аса ауыр кезеңде сіздерге үн қатып отыр. Қазір біз Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі өзге елдермен тығыз байланысты екенін анық сезініп отырмыз, соның ішінде Украина да бар, онда көбіміздің туыстарымыз, достарымыз, әріптестеріміз тұрады. Сонымен бірге біз қазір жалған және бұрмаланған ақпарат тасқынының астында қалып отырмыз.Естеріңізде болсын, БАҚ – аудиторияға ықпал ететін ең мықты құралдың бірі. Журналистер шындықты жария етпей тұра алмайды, бірақ сіздердің хабарламаларыңыз нақты деректерге негізделуі керек. Ақпараттың растығы мәселесінде журналистің жауапкершілігі жоғары болуы керек. Осыны ескере отырып, медиа қауымдастық өкілдерінен мынадай стандарттарды сақтауды сұраймыз:

1.Нақтылық пен дәлдік. Конфликті туралы өткір мәселелерді жазғанда фактчек жасаңыздар, хейт спич (өшпенділік тілі) қолданбаңыздар;

2.Тараптардың пікірін теңдей беруге тырысыңыздар;

3.Барлық ақпаратқа күдік-күмәнмен қараңыздар: сыни ойлау дағдысын іске қосыңыздар, деректерді тексеріңіздер, фейк ақпарат пен кликбейт тақырыптардың құрбаны болмаңыздар;

4.Өткір мәселелерді жазғанда «Зияның тимесін» деген принципті ұстаныңыздар;

5.Цитата, фото, видео пайдалансаңыздар, дереккөзін көрсетіңіздер;

6. Онлайн кеңістікте медиа қызметкерлерінің міндеті – ақпаратты аудиторияға бейтарап жеткізумен шектелмейді, сонымен бірге, аудитория қалдырған комментарийлерде өшпенділік тілі мен жалған ақпарат таралмауын қадағалауға тырысуы керек.

Журналистика – стреске бейім мамандықтың бірі, сондықтан дендеріңіздің саулығын ойлаңыздар. Эмоцияның жетегінде кетпеңіздер, қақтығыс аймағында жұмыс істейтін әріптестер жеке басының қауіпсіздігін ойласын.

Құрметпен,
Медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитеті
Комитет төрағасы Жұлдыз Әбділда

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар